22.07.2024
  23


Автор: Ермұханбет Қуандық

Бостандықтың қадірін...

 


 


Нені де болса дәл айтқыш қазақ – парасатты халық қой, не-гізі. Оның мысалы – мың-сан. Соның бірі: «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда бі-лерсің, денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің, бостандықтың қадірін жазалы болғанда білерсің...» деп келеді. Әйтсе де, бардың қадір-қасиетін жоғалтқанда бір-ақ біліп, өкініштен өксіп, бармақ шайнау – жалпы адам баласына тән деп ойлаймын...


Міне, мен де солай опық жеп, кеше ғана уайым-қайғысыз, дос-жолдастарыммен күліп-ойнап жүрген еркін күндерімнен көз жаздым. Жылдар бойы тырбанып, ұмтылып, еңбектеніп қол жет-кізген, өмірімдегі ең басты асыл арманым болған оқуымнан, келе-шектегі сүйікті мамандығыма қол жеткізер тамаша мүмкіндігім-нен... қаншама жарқын үміт-аңсарларымнан көз жазып қалдым!.. Бірақ бәрінен де маған ауыры – менің осынау өкініш-күйініште-рімнің түпкі мән-мазмұнының мүлде бөлек екендігін түсіндіріп, өзгелердің көзін соған жеткізе алмауымда еді! Ол не дейсіз ғой?!.. Мен – жазалы болғанда, ұрлық жасап, немесе, озбырлық етіп, біреудің басын жарып, көзін шығарып, яки болмаса, елге бір зұлымдық, сатқындық жасап жазалы болып отырғам жоқ қой! Ке-рісінше, туған халқымның жанын, рухын – тілін қорғаймын деге-нім үшін, екіншіден, «сол елімнің өз билігі өз қолында болғанын қалаймын» деген, онда да мемлекеттік Конституция аясында, ер-кімді білдіргенім үшін ғана кінәлі, жазалы боп отырмын емес пе?! Осыны ел-жұрт неге көрмейді, неге білмейді? Көрсе, білсе – неге


дауыстап айтып, бізге араша сұрамайды?!..


Қанша жерден «мықтымын, сабырлымын, төзімдімін» де-геніңмен, ет пен сүйектен жаралған пенде болған соң, өкінбе-геніңмен, кей-кейде осындай-осындай ойларға бой алдырып, ашыныс пен ызаға булығатын кездерің болмай тұрмайды.


1988 жылдың жаз айларында ғой деймін, Қазақстанға СОКП-нің басхатшысы, КСРО Президенті М. С. Горбачев келді. Ондай-он-дай жаңалықтарды кітапханадағы газет-журналдардан оқып, Ор-талық телевизиядан берілетін «Времядан», Қазақстанның ақпарат-тық бағдарламасынан көруге мүмкіндік бар. Бір күні қарап отыр-сам, жаңалықтардан Горбачевтің Оңтүстікке, оның ішінде, тура біздің ауданға сапарлап барғанын, егін, мал шаруашылықтарымен танысып жүргенін көрсетіп жатыр. Ендігі қызықты қараңыз, бас хатшымен кездесуге жиналған еңбек озаттары мен ауыл-ел өкілдері ортасында менің аулымның ақсақалы тұр. Михаил Сергейұлы, өзінің қарапайымдылығын көрсетіп, бәрімен «жылышыраймен» тілдесіп-ақ жатыр. Кенет, соғысын жиілеткен жүрегім аузымнан шыға жаздап, қаттым да қалдым. Соғыс және еңбек ардагері, бізге көрші әрі туыс болып келетін, жаңағы Байжанов Садықбек жәкеме сөз тиіп, сөйлеп жатыр!.. Демімді ішімнен алып тыңдаймын. «Міне, айтады... Біз туралы, кешегі Желтоқсандағы жастардың жазықсыз қырғынға ұшырап, қудаланғаны туралы айтады!.. Өзі атақты Пан-филов дивизиясының жауынгері, соғыс және еңбек ардагері, бұл кісіге кім-не істей қояды?!,. Уайым-қайғыдан жүдеп-жадап, ке-селге ұшыраған әке-шешемнің жағдайын күнде-күнара көріп жүр. Аты-жөнімді атап тұрып жеке мен туралы да айтуы әбден мүмкін ғой!..» деп үздігіп күттім. Ауылдың, ауданымыздың құрметтісі, жа-нашыр ағайыным, жәкем!.. Садықбек жәкем сөйлеп жатыр, жәм-пеңдеп... Сол баяғы, «авангард компартияға мадақ, күнкөсем Ле-нинге мадақ, оның ізгі ісін ілгері сүйреуші кемеңгер бас хатшыға мадақ!..Тұншыққан демократияның тынысын ашушы, осы тұрған КСРО Президенті Михаил Сергейұлы ғажап жан! Бізде, көпұлтты Қазақстанда бәрі жақсы, ұлтшылдық деген қазақтарға мүлде жат!.. Компартия жасасын, халықтар достығы жасасын!.. Жасасын!..»


Мені қойшы, жалпы Желтоқсан қырғынын бастан кешіп, өл-гені өліп, жүздеп түрмеге тоғытылып, жұмыстан, оқудан қуғын-далып жатқандар туралы... ләм-мим! Бір ауыз сөз жоқ...


Шынымды айтайын, сол күннен кейін көпке дейін өзіме-өзім келе алмай, қатты күйініп, күйзеліп кеттім. «Қайран ардагер ақ-сақалдарым-ай!..» – деп.


Содан көп ұзамай, біз де бостандыққа шықтық. Дүние көз ал-дымызда өзгеріп жатты... Ақырын-ақырын қазақ елінің тарихын-дағы «ақтаңдақтар» жазылып, ашық айтыла бастады. М. Әуезов-тің «Қилы заман» кітабы қайта басылып, жарыққа шықты. Сонда ғой – «Бала өлгенше – шал өлсін!» – деп, 1916 жылғы «Албан көте-рілісінде» елдің қамын жеп, жас ұрпақтың өмірі үшін деп, жүрек жұтқан қазақ қарттарының кезенген мылтық ұңғысына жалаңаш кеудесін тосып, бастарын құрбандыққа тігетіндері!..


 


Айналасы, 70 жылдың ішінде, сондай қадір-қасиетінен жұр-дай болған қайран қарттарымыз-ай!..


Қалай болғанда да, өз басым бостандықтың қадірін, жазықты болмай-ақ түйсінген жанның бірі болдым. «Бірімін» деп отырғаным, бұндай жағдайға душар болушының басы да, соңы да мен емес екенімді адамзат қоғамының арқаңды аяздай қаритын шерлі шежіресі, азалы тарихы айғақтап айтып та, жазып та келе жатыр. Өйткені, өкінішке қарай, әділетсіз қоғамда, заң бұрмалана беретін мемлекетте бәрі де мүмкін!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу