22.07.2024
  27


Автор: Ермұханбет Қуандық

Нөмірленіп жерленбеу үшін...

1987 жылдың қараша айының 7-сі күні, сол зонада ең алғаш темекі шектім. Бірақ көп ұзамай, «түтіннен» мүлде баз кештім!..


Иә, мұнда келгеннен кейін, біршама уақыттан соңғы көзім же-тіп, көңілімді бекіткен басты бір мақсат-мұратым – денсаулықты жоғалтпай, аман-сау оралу болды. Оған түрткі болған «құпия» қозғаушы күш – Жаратқаннан «ақ өлім» бұйыртуын тілеу және сол жолда түрлі тәуекелден бас тартпау!.. Өйткені біздің білуімізше, зонада өлген адамның денесін бермейді. Мәйіттің аяғына нөмірің таңбаланған қалайы темір байланып, бейітіңді де нөмірлеп көме салады. «Нөмірленіп» жерленбеу үшін де денсаулықты сақтап, кү-шейтудің қолдан келген амалын жасап, қалайда өмір сүруге, ел-жұртқа қайта оралуға ұмтылдым. Сол үшін, қолыма түскен бар тиын-тебеніме қара нан, консерві болса да ас-тамақ алдым. Сол үшін, өмірімде аузыма алмаған шошқаның тұздалған майын (сало) алып жедім. Ақшаң болса, зонадан не іздесең, бәрін де табасың... Және де тағы да сол, денсаулығымды зақымдап алудан қашып, артымнан келген ақшаны, жеңіл жұмыс алуға жұмсадым. Өмірім-де бірінші рет, онда да түрмеде «пара» бердім!..


Осылайша, сонау, сот залында санамда пайда болған «ол жақтан аман-сау оралып, оқуымды жалғастырып, бәрінің алдында өзімді дәлелдеймін!» деген арман-мақсатыма жан-жақты іс-әре-кеттеріммен біржолата бет бұрдым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу