Әңгімелер ✍️
Түрмеде «пара» бердім
Алғаш келгенімде, түрме басшылығы азаматтық мамандығым-ды сұраған. Мен, баяғы ПТУ-да оқығанда алған дәнекерлеуші де-ген мамандығым бойынша «сварщикпін» дедім. Лагерьде ауыл-шаруашылық техникаларын шығаратын өндіріс зонасы бар екен. Соның орталық цехына жіберді. Дәнекерлеушінің оқуын жүр-дім-бардым оқып, қағазын алғаным болмаса, бір күн істеп көрме-гем. Ең ауыр жұмыс. Кранмен көтеріп тұрып, дәу-дәу темірлерді піскілейсің. Бір күні жаңағы темір түсіп кетіп, бір қолымның тыр-нағы көгеріп, күп болып ісіп кетті. Күнделікті норма беруім керек. Үлгермеймін. Сонымен амалсыз жағдай қарастыруға тура келді. Айналамдағылардың тамырын басып, сұрастырып көрсем, «Өнді-ріс зонасының бастығына «пара» берсең, жеңілдеу жұмыс алуға мүміндік бар», – десті. Сосын, ауылдағылармен хабарласып, «тір-шілікті» қамдастыра бастадым...
Артымнан іздеп, анам мен Бибіжамал әпкем келді, қажет ақ-шаны алдым. Енді мұны не істеймін?..Тағы сұрастырдым. Бір жі-гіттер: «Өндіріс зонасындағы цех бастықтарының бірі – «Николае-вич» дегенге алты ай сайын 25 сом ақша беріп тұрасың», – деді. Өйткені әр алты айда бір кездесуге рұқсат етіледі. «Соған кіріп, «Арыз жаз», – деп кеңес берді. «Арызды не деп жазам?» – деймін. Сөйтсем, «арыз жазбайсың, осылай, пәлен күн жұмыс істегем, соған «отгул» беріңіз», – деп жаз. Сосын, қағазыңды бүктеп, арасына ақшаңды салып, кабинетіне кір де, қолына ұстат», – десті «ақылшыларым». «Өз статьям үстіне тағы статья қостырып, масқа-ра болам ғой!..» – деп, әуелде, бата алмай, біршама жүрдім. Бірақ күн өткен сайын жағдайым ауырлап бара жатқан соң, амалсыз, бір күні есігін ашып кіріп бардым. Аяқта сірескен керзі етік. Екінші қабатқа дүрсілдетіп көтеріліп, табалдырығынан аттаған бойда, әй-шәй жоқ, үйретушілердің мәнерімен «Николайыш, мен кеше қосымша уақыт жұмыс істедім. Маған «отгул» керек!..» – деп, ішін-дегі 25 сом ақшасымен столдың үстіне бүктеулі бір парақ қағазым-ды қалдырып, жалт бұрылып зыта жөнелдім. Керзі етіктің өкшесі-нен шыққан тарсыл-тұрсыл жер-әлемді көшіргендей! Оған атырау-лап, кеудемді жарып шығардай алып-ұшқан жүрегімнің дүрсілі қосылып, құлағым шуылдап... қойшы, әйтеуір, өн бойым су болып, қара терге малшындым-ау!.. Өндіріс зонасының ең бір бұрышына қашып барып, өзімше «жасырынып» күтіп отырмын. «Не істедім? Неге істедім?!..» деген өкінішті үрей жанымды жеп барады. Ара-да бір сағаттай уақыт өткен шамада, бүкіл «промзонаны» басына көтеріп, селектор арқылы іздесін: «Куандыков, срочно явиться к начальнику цеха!..» «Не болар екен?» – деп қорқа-қорқа бардым, амалсыз. Кіргеннен:
– Ты-че, ...мать твое, куда бежишь? Кругом, на каждом шагу солдаты с автоматами!.. – деп айғайды салды. Не айтарымды білмеймін, үндемей тұрмын безірейіп. Бір кезде күлді... Ішімнен «Үһ!» – деп, бір жеңілдедім. Күлді де, маған сынай қарап: «Че тебя надо?» – деді жай дауыспен. Айттым сосын: «Жұмысым ауырлық қылып жүр, жеңілдеу жұмыс болса?..» – дедім қызарақтап. «Лад-но, иди, пока работай. Я придумаю че-нибудь», – деді.
Бірер апта өткен шамада, «қоймашы» боп шыға келдім. Бірақ қойма жоқ... «Айлығым» жүріп жатыр, бірақ қайбір айлық дей-сің, айына бір жуынып-шайынуға қажет керек-жарағыңды, сосын, жеңіл-желпі «тіске басар» бірдеме алуға жетеді... Оны да, қол-ма-қол ақшамен емес, карточкамен береді. Сөйтіп, «қойма меңге-рушісі» – «қарауыл» боп шыға келдім. Оның өзінде, 3-ші кезекке шығамын. Күндіз күні бойы жатақ орында ас-суыңды ішіп-жеп жа-тасың. Мұндай бос уақытымды, негізінен, кітап оқуға жұмсадым. Жұмысқа, тек түнге қарай түсемін...
Әр алты айда бір рет «свидания» – жақындарыңмен кезде-суге рұқсат бар. Бірақ қандай да бір тәртіп бұзсаң, алты ай бойы зарығып тосқан кездесу мүмкіндігіңнен оп-оңай айырып тастай салады. Сондықтан түрменің ішкі ережесін сақтап, ешкіммен ки-кілжіңге бармайсың, ешкім ешкіммен қақтығыспауға тырысады. Кездесу, тек туыстарға ғана рұқсат етіледі: Ата-анаң, бауырларың, жұбайың деген сияқты. Маған анам мен әпкем ғана келді. Әйеліме бір-екі рет хат жазғанмын. Оның арыз беріп, сырттай ажырасып кеткенін білгем жоқ. Шақырдым да, бірақ ол келмеді. Сыртынан оның бесінші курсты бітіріп, Талдықорғанның Панфилов ауданын-да жұмыс істеп жүргенін білдім. Хатымда: «Келетін болсаң, ба-ланы алып келме, мұндай жаман жерді көрсетпей-ақ қой», – дегем. Келген жоқ. Анамдар келерінде, оған хабарласып: «Барасың ба?» – деп сұраған екен. «Жағдайым жоқ, жұмыстан шыға алмаймын», – деп жауап беріп, бас тартқан құсайды...
Ол, сол кезде 5-курсты аяқтап, емтихан тапсырып жатса, екін-шіден, кішкентайлы еді. Артынан білдім, мен тергеуде сотталып жатқанда, оған да «желтоқсаншының» әйелі деп, қиянат-қысым жасалыпты. Мемлекеттік емтихан кезінде, менің кураторым Бұр-ханов Камал баға қоймай, күзге қалдырған. Менің ағаларым да жолығып сөйлессе, «партия қатарына өтуге кандидат едім, дәл осы баланың (яғни менің) кесірінен партияға өте алмай қалдым!..» – деп дүрсе қоя берген құсайды. (Кейін сол жарықтық, «Нұр Отан-ның» мүшесі болды ма-ау, еліміздің тәуелсіздігінің жоқшысы бо-лып, Желтоқсанды ұлт-азаттық көтеріліске теңеп, оған қатысушы жастарды «батырлар» деп мақтап, мақалалар жазып, эфирлерден керемет жалынды сөздер сөйлеп жүрді. Ал тауып көріңіз – қайсысы шын Бұрханов?..)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇