22.07.2024
  27


Автор: Ермұханбет Қуандық

«Паханым» ара түсті

 


 


...Сыртыңнан бәрі байқайды ғой. Менің ұйқыға басып, одан қалса, ойға шомып, ешкіммен араласпай, өзіммен-өзім шошайып тұйық жүргенімді аңдағандар «қайтер екен» дейтін сияқты, көзде-рінің астымен сүзе қарайды. Алматы облысының үлкен кісісі бар екен, бірнеше күннен соң, сол кісі шақырып шай берді. «Сені байқап, көріп жүрміз, жігітім, жалғызсың. Мұнда бір өзің жүре ал-майсың, бізге келіп тұр», – деп, сол түсіндірді. Ол өзі адам өлтірген кісі, 88-ші баппен отырғанына 10 жылдай боп қалған екен. Қасын-да екі жас жігіт бар. Біреуі Ақтөбеден, әлде Арқалықтан болуы ке-рек. Оның да отырғанына 10 жылдай болып қалған. Және тағы бір жігіт болды...


Уақыттан сәл ілгері озып, айта кетейін, шынында, ол шалдың қамқорлығын көп өтпей-ақ көруге тура келді. Онда түскеннен соң, алты айдан кейін алғашқы кездесуге келген анам мен әпкем ша-малы ақша тастап кеткен. Соның бір жартысын, денсаулығымды сақтаймын деп, тамағыма жұмсағанмын. Бес сом ақша төлесең, түрме әкімшілігінің рұқсатымен, «4Б» деген столдан тамақтана аласың. Ол жалпы түрме тамағынан сәл-пәл майлылау және шамалы ақ нан қосып береді. Бір күні сол бөлек стол болмай, жалпылармен бірге, бір столдың бас жағына отырып қалдым. Ұзын столдың екі жағына бес-алты адамнан бөлініп отырғанбыз. Әр столда «шыныр» (тамақ құйып-үлестіруші) дегендер болады. Соны күтіп отырғанда, орта тұста отырған бір «блатной» маған қарап:


– Құй, тамақты! – дейді.


– Келеді қазір тамақ құятын адам, – десем, – Ей, аузыңды!.. (орысшалап) – деп, даусын көтеріп, боқтық сөзбен сыбап салды. Мен де жұлып алғандай:


– Ең әуелі өз аузыңды... ал! Сосын басқаны байқап көр! – де-дім. «Блатнойдың» үні өшті. Астан соң тұрып бара жатып: «Кешке разборка жасаймыз», – деп кеткен. Кешкісін оның «паханы» маған келіп, «сенсің бе, крутойсың ба не? Жүр сыртқа, сөйлесеміз!..» – деді. «Жүрсең-жүр!..» – деп мен де шыққам. Сөйтсем, мен байқа-маппын, соңымыздан менің «паханым» да ілесе шыққан екен. Маған: «Сен бара бер...» деп, ананың «паханымен» өзі сөйлесіп, ауыздарын жапты. Олардың келіп тұрғаны «блатнойға» өйтіп сөй-леуге құқың жоқ, сен «мұжықсың» дегенді мойындату маған. Оған біздің шал қоя ма... «Ең бірінші кім, неден бастады?» деп, ол жер-де бәрін сұрап, анықтайды. Сөйтіп, өздерінің «шәпкісін теріс ай-налдырып» жіберді. Оның үстіне, менің статьям – 65, оныкі – 101 (қыз зорлаған)... Ондай жерде соның бәрі безбенге салынады. Шал араласқаннан кейін бітті сонымен. Содан қайтып ешкім маған сөй-леген емес!..


Жанындағы екі жігіті және мен – бәріміз бірге жүрдік. Шал, мен босанардан сәл ертерек амнистияға ілігіп, аман-сау шығып кетті соңында.


Адамның басына не келіп, не кетпейді. «Жүре берсең – көре бересің, көре берсең – көне бересің» дейтін де аталы сөз бар. Мен де, тағдырдың жазуымен, кісі өлтірген кісінің қамқорлығын солай көрдім. Адам бір тығырыққа тіреліп, экстремальный ситуацияға тап болғанда, еріксіз кісі өлтіруге, не ұрлық жасауға мәжбүр болуы мүмкін. Ал өмірде, кәдуілгі, кісілікті адам. Олар да өзіміз секіл-ді күледі, өзіміз секілді қалжыңмен қызықты әңгімелер айтады... Олардың да отбасы, бала-шағасы, артынан іздеп келетін туыс-ба-уырлары бар. Кездесуге келіп тұрады. Рас, сонша жыл түрмеде отырған адамның мінез-болмысында сәл-сәл ерекшеліктер болмай тұрмайды ғой. Бірақ абайлап сөйлесіп, байқап қарым-қатынас жа-сасасың...


«Блатнойлары», «мұжығы» бар, «жұғымсызы» бар, тиесілі жұмысын ғана атқаратын «жұмысшылары» бар... Әркім әртүр-лі айтуы мүмкін, бірақ негізінен, зонаның өз заңы сақталынады. Яғни сен өзің «касяковый» болып, ешкімге ұрынбасаң, саған ешкім соқтықпайды. Өйткені әркімнің өз проблемасы бар...


Айтқандай, бұл жаққа келгелі, баяғы «түп-тұқияныңмен құр-тамыз, өмір бойы түрмеде шірисің...» деген сияқты, үрей шақыра-тын қорқыту сөздерінің бекер екендігіне көзім жете бастады. Жаңа айтқанымдай, отырғандардың 90 пайызға жуығы – өзіміздің қазақ-тар. Кейбіреулер айтатындай, «жол-жөнекей ұрып-соғу, қорлық көрсету» деген сияқты қысымдар да менде болған жоқ. Бәлкім, Құдай... Алла деп жатамыз – бір Құдірет иесі қорғаған болар, қалай дегенде, мен сондайды басымнан кешпегеніме тәубе деймін... Сотталған жігіттердің кейбірінен «Алдын ала тергеуде отырғанда да көп қиындықтар көрдік» дегенді естідім. Менің-ше, олар – желтоқсан-қаңтар айларында, алғашқы «қызу науқан үстінде» қолға түсіп, қарбаласта сотталғандар. Мәселен, қаңтар-дың жеті-сегіздерінде-ақ бір-екі баланы соттап жіберген. Соның бірі – Рақметов Құрманғазы. Ол кезде, «не дейсің, көшеде көрін-генге соқтығып,  славян тектестерді     ұрып-соғып,                     балабақшаларға шабуылдап, өртеп, бейкүнә бөбектерді өлтіріп жүрген тәртіп бұ-зушы маскүнемдер мен нашақор ұлтшылдар...» туралы әдейі та-ратылған жалған әңгімелердің өршіп тұрған шағы еді. Сондықтан алғашқы қолға түскендерге қатігездікпен қысым жасалғаны, аяусыз зәбір-жапа шектіргені ақиқат. Оның үстіне, оларды негізінен, ІІБ-сы тергеген. Онсыз да жақсы аты жоқ милицияңызда, сол тұста, «бардак» болып жатқаны да рас...


Ал мен тергеуге алынған – ақпанның соңы мен наурыз ай-ларында, бастапқы екпін басылып, аз-кем тәртіп орнап үлгерген секілді.


Желтоқсаншылардың алғашқы легінің, қаңтарда сотталғандар-дың, этаппен шетке – Ресейге, Воронежге дейін, тіпті, Удмуртияға, Читаға жіберілгендері бар. Солар көп қиыншылыққа душар бол-ды. Удмуртияда отырған жігіттің артынан әйелі іздеп барып, бір-ге тұрған, сонда босанған да. Өзіміздегілердің көпшілігі Маңғыс-тауда шоғырланып қалады да, сосын, оларды бүкіл Қазақстан ай-мағына шашыратып, бөліп жібереді...


Қарағанды маңындағы Абай каласында орналасқан колонияда «Желтоқсан оқиғасымен» сотталған жеті жігіт болдық: Ерлан Де-келбаев, Жанас Арынбеков , Ермек Иманбаев, Аманқос Есбосы-нов, Расылхан Құдайбергенов , Құрманбай Халмұратов және мен... Мен жоғарғы оқу орны студентімін, Ермек пен Расул – техникум студенттері, өзгесі – жұмысшылар.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу