22.07.2024
  27


Автор: Ермұханбет Қуандық

Торуыл мен торығу

Қаңтарда қысқы сессия – зачет, емтихандар басталды. Тергеу-шілердің қасақана қысастықтары сондай, жауап алуға сол емтихан тапсырып жатқан кезімде де алып кетеді. Сол жолғы сессияда Қасым-жанова деген қазақ әйел, «Философия тарихынан» қанша жауап беріп отырсам да, «үш» қойды. Менің тергеуде жүргенімді біліп жүр бәрі. «Ұлтшылға жақсы баға қойды» деген сөзден қашып, тиесілі бағам-ды қоюға да қорқады. Екі сабақтан «үштікпен» шықтым сол жолы. Кейін дипломға да солай кетті... Айналамдағылардың маған деген «кері» көзқарастарын біліп жүрсем де, бәрібір, қысқы сесиямды сәт-ті тапсырып үлгердім. Әне-міне, мені отырғызатындарын да сезіп жүрдім. Қос-қабат аңду, қос-қабат тергеу, тексеру!.. Қайда барсам да артымнан аңдушының жүргенін көріп жүрдім. Ер жігіттер ғана емес, қыз балалар да жүреді соңымда. Үйдің айналасын торуылдайды.


Осы кездері мені, қорқыныш-үрейден гөрі «Осыдан істі бо-лып, қамалып кетсем, әке-шешемнің бетіне қалай қараймын?» де-ген ата-анам алдындағы «ұят» сезімі қатты мазалады. Сондықтан неше түрлі сұмдық ойлар басымды тұмшалайтын. Бірнеше рет үйдің маңынан күндіз-түні тас тасып өтіп жататын ауыр жүк мә-шинелерінің астына түспек те болдым. Тергеу-тексерудің жүйке жейтін азабы бар, сотталып кеткендей болсам, ауыл-елдегі әке-ше-шем мен бауырларымның алдындағы «кінәм» бар деген сияқты. Әрбірден соң соншама жылдар тер төгіп, ізденіп жүріп қол жеткіз-ген оқуымнан қуылатыным да күн озған сайын ақиқатқа айналып келе жатты. Сондайда, сотталып, түрмеге түсіп, әке-шешеңді ел-жұрт алдында қарабет қылғанша, әлгіндей әрекетпен бәрін «бі-тіре» салған жөн секілді көрінеді. Бірақ «үмітсіз шайтан» деген, жол жағасында теңселіп тұрам да, ішімде жылт еткен үміт сәуле-сіне жармасам... «Бәлкім, бәрі өтіп кетер?!..» деймін де, кідіріп қа-ламын. Тар жолдың бойымен арындап келіп қалған дәу самосвал, тұмсығымның тұсынан ажылдап-гүжілдеп, жер-дүниені солқылда-тып, өте шығады... Заң факультетінде оқитын жігіттермен сөйлесіп жүреміз, солар айтады: «Кез келген қозғалған іс, екі айдың ішінде тергеліп, тексеріледі», – дейді. «Маған желтоқсанда іс ашылған болса, ақпанның жиырмаларынан асқанға дейін шыдасам, одан әрі құтылып кетермін...» деген ой да жоқ емес.


Қаңтар аяқтала, қысқы сессиямды бітіріп, ауылға кеттім. Ауыл іші гу-гу әңгіме. «Алматыда өңкей наркомандар мен алқаштар кө-шеге шығып, балабақшаларды қиратып, өртеп жатыр екен ғой?..» – деді маған. Ауыл-елдегі бұқара халық теледидардан көрсетіп, газетте жазылғандардың бәріне күмәнсіз сенді ғой. Күлесің бе, жылайсың ба!?.. Барлық ауылда, барлық жерде солай айтылып, со-лай қабылданды. Біреулер ішінен сезсе де, үндемеді... Айтқандай, алдында, әйелім босанғанда, шешем немересін көруге Алматыға келіп қайтқан. Бірақ немересі қайын жұртта жатты да, шешем аз күн қастарында болып қайтып кеткен. Сонда «Балам, тынышсың ба?» – дегенде, «Тынышпын, оқып жатырмын» – дегем. Үйге кел-генімде, әкем әлі де қан қысымынан аяқ-қолы жансызданып, төсек тартып жатқан. Үш-төрт күн болдым да, «Енді көре алам ба, жоқ па?» – деп, сол жолы әкеммен қоштасып кетуді ұйғардым. Автобус ауылдан таңертең ерте шығатын. Бір кездегі нар тұлғасы төсекке таңылғалы шөкімдей боп шөгіп қалған ұйқыдағы әкемді амалсыз оятып, жанына тізе бүктім. Мұздай қолдарын сипалап, өксігімді ішіме жұта отырып, қоштасып шықтым. Көз жиектері қызарып, қайран әкем әлденені сезді ме... шықшыт еттері бұлт-бұлт етіп, жұтқыншағы жоғары-төмен жүгіріп, боталаған жанарымен соңым-нан қадала қарап жатып, үнсіз шығарып салды.


Өз жағдайым туралы тіс жарып, ешкімге ештеме сездірмеген күйі қайтып кеттім.


Ақпанның жиырмаларында Алматыда болдым. Шақыру, тер-геу қайта басталған. «Целинный» кинотеатрының алдында, Аман-гелді мен Калинин көшелерінің қиылысында дәріхана бар бола-тын. Ойыма қайдан келгенін білмеймін, бір күні, сол жерден бір флакон дәрі сатып алдым. Аты есімде жоқ, бірақ жүректің дәрісі, шамадан тыс көп ішсе өмірге қауіпті екенін дәріхана сатушысынан сұрап білгем...


23-ақпан – жігіттердің мерекесі, демалыс. Келесі күні сабаққа барсам, топтағы қыздарымыз мерекемізбен құттықтап, шағын қорапты шахмат сыйлады. Көңіліміз көтеріліп, мәз-мейрам боп қал-дық. «Екі айдан асып барады-ау» деген үмітті ішкі ойдан, әсіресе менің қуанышым еселене түскендей еді! Бірақ... Дәл сол күнгі са-бақ соңына қарай аудиториядан алып кетті де, ҚР Прокуратурасы жанындағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі – Ерубаев Александр Какенович өз кабинетін-де прокурордың санкциясын көрсетіп тұрып: «Азамат Қуандықов Ермұханбет Әбдікерімұлы, сіз бүгіннен бастап тұтқындасыз!» – деді...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу