Әңгімелер ✍️
Гүлжан алаңда жарақат алыпты
Салып ұрып үйге келсем, қарындасым жылап отыр. Басы – дап-дала қан, таяқ жеген. Шошып кеттім.
– Өй, саған не болды? – деймін.
– Алаңға барып едім, басымнан соққы алып, қолға түсіп қал-дым...
– Қалай құтылдың?!..
– Ұстап алып милиция әкетіп бара жатыр еді, бір қазақ офицер аға тоқтатып, қолыма бір дипломат ұстатып: «Осы дипломатты ал да кет, қаш бұл жерден», – деп босатып жіберді, – дейді.
– Ол кімнің дипломаты?
– Білмеймін, жаңағы аға ұстатып жіберді. Ашқан да жоқпын... Дипломатты ашып қарасам, АЗВИ-дің студентінің дипломаты екен. Қарбаласта жаны қысылып, қолындағысын тастай қашқан болуы керек. Анау милиция офицері азамат боп тұр ғой. Жас қыз деп бұны босатып және ертеңдері тексеріс, қуғын болатынын біледі, тағы бір қазақ баласының тағдырын ойлап, оның затын қоса беріп жіберген. Әрі-бері ойландым да, студент билетін жыртып, отқа тастап, дипломатты үйдің маңындағы өзеннің суына ағызып жібердім. Сосын қарындасымның басын спиртпен сүртіп тазалап: «Саған енді Алматыда қалуға болмайды», – деп, вокзалға алып барып, Шымкенттің пойызына отырғызып жібердім.
Гүлжанды шығарып салып, жатақханаға барсам, ешкім жоқ. Көрші бөлмеде қазақ бөлімінде оқитын Бақытжан Мамытбеков тұратын. Күн сайын таңертеңгілік екеуіміз жеті-сегіз шақырымдай бірге жүгіріп жүретінбіз. Соған кіріп жағдай сұрасам: «Өзім де білмеймін не боп жатқанын, төмендегі вахтердің қасына қосымша кезекші-күзетші қойып тастады. Сыртқа ешкімді шығармайды», – дейді. Екеуіміз екінші қабаттың балконынан секіріп түсіп, қайта-дан алаңға кеттік. Тағы да троллейбусқа отырып, Тимирязев-Кос-монавтармен Абай даңғылына барып түстік те әрі қарай жаяу кет-тік. Бұрынғы Бейбітшілік (қазіргі Желтоқсан) көшесіне жақындай бергенімізде, алдымыздан жөңкіліп, жанұшыра қашып келе жа-тқан жастарды көрдік. Шамамен, 100–150 адам, арасында қыздар да бар. «Не болды?» – деп сұрап үлгермедік, түрлері жан шошыр-лық! «Қаш-қаш!..» деген үрейлі дауыстар ғана естіледі. Қас қа-райып қалған кез, арттарында кімдер қуып келе жатқанын да көре алмадық. Амал жоқ, солармен қосыла біз де кері қарай қаштық. Жер тайғақ, табан жолға алаңдап жүгіріп келе жатып, қасым-дағы жігіттен көз жазып қалдым. Дүркіреп, Сейфуллинге жақын-дағанымызда, мен биік үйлердің ауласымен төмен қарай түсіп кеттім де, Шевченкоға шығып, оның бойымен, оңға қарай жүрдім. Әлі де кете салғым жоқ. Байсейітова көшесіне дейін жетіп, қайта жоғары өрледім. Абайды кесіп өтіп, алаңға жақындағанымда бір-ақ байқадым, алдымда мұздай қаруланып алған топ-топ әскер жа-сақтары топырлап тұрды. Бұл – 18-желтоқсанның кеші болатын...
Деректі мәліметтер:
1986-ның Желтоқсанында алаңға шыққан халық саны 25–30 мың адамға жеткен. Демонстранттарға қарсы 50 мың әскер жа-сақтары мен 20 мың милиция қызметкерлері тартылған. Оларға қосымша арматура кесінділерімен қаруланған 15 мыңға дейін ерікті жасақшылар шыққан. Сонымен бірге 15 БТР, 20 өрт сөндіруші мәшине бөлінген...
(Деректер америкалық Хельсинки тобының зерттеулері мен академик М.К.Қозыбаевтың зерттеулерінен алынған).
Амал жоқ, кері бұрылдым. Көше бойына шықпай, үйлер-дің арасымен, аула-ауланы сағалап жүріп отырып, Сейфуллин-Абайдың қиылысынан бір автобусқа отырып, Гагариннен түстім. Одан әрі бізге баратын 40-автобуспен «Арман» автостансысына, одан әрі тағы жаяулап, үйге жетіп, жалғыз қондым...
Иә, кейін білдік, ол күні, жан-жақтан арнайы дайындықтан өт-кен өңшең баскесер әскерлерді алдырып, қаладағы зауыттардың орыс жұмысшыларынан «ерікті» топтар құрып, қолдарына армату-ра кесінділерін ұстатып, бүкіл Алматы көшелерін бақылауға алып, жалғыз-жарым ұшырасқан қазақтарды үлкен-кіші, әйел-еркек де-мей, бас салып ұрып-соғып, «қазақ аулау» басталып кеткен екен... Сол, қанды желтоқсанның 17-сі,18-і, 19-ы күндері, кейін айтылған ресми мәлімет бойынша, екі адам бақилық болды. Алматының абақтылары ереуілшілерге толды, сыймағандарын қала сыртына, мәшинеге тиеп, иен далаға шығарып, сырт киімдерін сыпырып алып, өздерін есінен танғанша соққыға жығып, сай-шұңқырларға көліктен аударып тастап кеткен. Жүздеген адам ауыр жарақатпен ауруханаларға түсті. Осы сойқанның салдарынан көптеген қыз-дарымыз ана болу бақытынан біржола айырылды. Жүзден астам адам сотталып, екеуі ату жазасына кесілді...
Дәл осы күндері, арғы-бергі тарихтан білетініміздей, Кеңестің аяусыз жазалаушы репрессия мәшинесі (МҚК, ІІБ,Прокуратура + пар-тия, кеңес ұйымдары) Орталық жоспарлап берген қанқұйлы «Құйын» операциясын іске асыруға білек сыбана кіріскен екен. Бұларға Мәскеуден келген әккі тергеушілердің тегеурінді тобы қосылғаны да артынан белгілі болды. Алматыны тұңғиық үрей тұмшалады...
... Екпіндеп келе жатқан пойыз вагондары салдыр-күлдір етіп, бір-біріне соқтығысып, ентелеп барып, кілт тоқтады да, бір сәт айналаны тым-тырыс тыныштық басты. Шағын стансы болуы керек, сырттағы сирек электр шамдарының жарықтары онсыз да шаң-то-заң тұтып, қап-қара боп кеткен купе әйнектерінен өлімсіреп қана түсіп, тастай қараңғы купе ішіне болмашы сәуле себезгілегендей. Ұйқылы-ояу бүктетіліп қанша сағат отырғанымды қайдам, аяқ-қо-лым шымырлап, ұйып қапты. Қасымда, төсенішсіз тақтай полкада, қатарласа отырған екеуі айқыш-ұйқыш жамбастап, қорылға басып жатыр екен. Қарсыда үшеуі, төбемізде екі-екіден бөлініп, төртеуі жатыр... Жатыр деген аты ғана... Шуаш сасыған жалаңаяқтарын салбыратып, әне-міне, төменге құлап түсердей боп жармасып, жапырайып, олар да ұйқыға бас қойған. Бір ғана шуаш иісі емес, басты ауыртып, мүңкіп алып бара жатқан – қатырлақ қағазға орап жолға берген тұздалған балықтың иісі. Қапырық ыстықтан иісте-ніп бұзыла бастаған тұзы удай ащы балықты асқазаным шұрыл-дап, қарным аш отырғаныммен, аузыма сала алмағам. Бәрімізге ортақ жалғыз бөлке қатыңқырап қалған қара наннан қолыма ілік-кен бірер турамын шайнаңдап, қанағат еткенмін. Тағы бір-екеуі мен құсап, жарытып ештеме жемегенмен, өңгелері тақыл-тұқыл нанға тоймай, тұзға бұқтырылған сол балықтарды қабақтары кір-жиіп отырып біршама қаужаңдаған...
Әуелде алыстан естілген темір балғаның вагон доңғалақтарын тоқылдатқан дыбысы бірте-бірте жақындап, дәл терезе тұсынан өтті. Орнымнан ақырын тұрып, салбыраған аяқтардың арасындағы «кеңістікте» керіліп, бой жазған болдым. Астында жатқандар-дың бірі атып тұрып, әй-шәй жоқ, ұмтылып кеп, есікті тоқпақтап, тепкілей бастады.
– Ей, су беріңдерші-ей, қаталап өлетін болдық қой, әкеңнің!.. Сырттан селт етіп жауап қатқан жан баласы болмады. Мана-
дан бері есікті, купе қабарғаларын қанша соққылап, тепкілеген-мен, бір-ақ рет:
– Әй, ...бас, мазаны алмай, тыныштал! Туалетке шығу, су ішу мерзімі ертең таңертең – стансыға кідіргенде ғана болады!.. Шөл-деп өліп бара жатсаң, дәретіңді іш!.. – деген боқтық аралас келеке жауап естілген. Мүңкіген иісіне қарамай, бұзылған тұзды балықты жеп, көні кепкен тамақсау байғұстың түрі, шынында, кісі аяр-лық еді... Оған шөл қысып, әзер жатқан өзгелері де қосылып, үн қатпаған күзетші солдаттарды сықпырта боқтап, балағаттап, іште-рін кептіріп жатты. Тұтқындарды қолдан қинап, шектен асыра азаптаудың – атамзаманнан келе жатқан бұл да бір тәсілі...
Сығылысып орныма жайғасып, үзіліп кеткен ойымды қайта сабақтадым...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter