22.07.2024
  27


Автор: Ермұханбет Қуандық

Есікте қамалдым

Жұмыста түнедім. Таңертең асығыс ауланы сыпырып, таза-лаған болып, жұмысымды атқарып, үйге қайттым. Түндегі жаурап, тоңғаным басылған жоқ. Үйге бара ыстық тамақ ішіп, жылы тө-секке кіріп, түске дейін ұйқымды қандырам ғой деп, үйге келсем, қарындасым жалғыз отыр, басқа ешкім жоқ.


– Неге жалғызсың, менің қатын-балам қайда?..


– Өткенде, кешкісін сіз кеткен соң, ертесі таңертең қайын атаңыз келіп, әйел, бала-шағаңыздың бәрін алып кеткен... – дейді.


Апыл-ғұпыл шай ішіп алдым да, дедектеп, «Саяхат» авто-вокзалына бардым. Автобусқа отырып, Есіктің арғы жағындағы Көктөбе деген колхозға, әке-шешесінің үйіне барсам, үйінде отыр. Пәруайы пәлек. «Ау, бұл қалай, бір ауыз айтпай, ескертпей, бұл не тірлік?!» – деймін. Сөйтсем, «Саған қатын-бала керек емес екен ғой. Біз қызымызды алып кеттік...» – деп, әке-шешесі өзіме сөйлейді. «Бұл не сөз? Сіздіңше, мен ұлымның атын Жақсылық қойып, алып-ұшып жүргенім бекер ме? Менің отбасымда не шару-аларыңыз бар?!» – деймін...


Бесінші перзентханада туылғанда, баламның атын «Жақсылық» деп қойып, құжаттарының бәрін өзім әзірлеп, кәдімгідей қуанып, шапқылап жүріп шығарып алғам. «Енді қайтсын, қайтарыңдар үйге», – десем, «Ақыры кеп қалды, енді қырқынан шығарып бір-ақ қайтарайық», – деді әке-шешесі. Мен сабаққа кешігетін болдым деп, тізе бүкпей, кері қарай қайта жолға шықтым.


Алматыға баратын автобусқа отырмақ боп, әлгі ауылдан шығып, Есіктің автовокзалына келдім. Ойымда ештеме жоқ. Келсем, Алматыға баратын жастардың бәрін милиция тоқтатып, кейін қайтарып жатыр.


– Мен студентпін, сабаққа баруым керек, – десем:


 


– Студент болсаң, сірә да бармайсың, Алматыға! – деп, екі милиционер екі қолтығымнан жармасып, әй-шәй жоқ, РОВД-ға апарып, қамап қойды.


Сол кезде барып ішім қылп ете қалды. Кеше түнде алаңнан өзім қайтып кеткен соң, «өзгелер де мен құсап тарқап кетті» деп ой-лағам. Оның үстіне, отбасымдағы күтпеген жағдаймен салпақтап, қала сыртындағы ауылға барғаным бар, «сабағыма үлгере алмай қаламын ба?» деген сияқты қобалжу бар... Алаңдағы уақиғаға алаң-дауға мұршам болмай кеткен. Дереу қалталарымды ақтарып қара-сам, ішкі қалтамның біреуінде бір листовка қалып қойыпты. Әлгіні алақанымның ішіне ұстап отырып дыбысын шығармай мыжғылап жырттым да, ескі жылу батарейкасының артына тастадым. Екі-үш сағаттан соң, жауап алуға апарды. Жағдайымды айттым. «Жазып бер» деген соң: «Қайын жұртыма, бала-шағама кеше келгем. Сенбе-сеңдер тексеріп, сұраңдар. Өзім студентпін, сабаққа баруым керек», – деп жазып бердім. Сұрастырған болуы керек, бір уақытта жіберді.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу