22.07.2024
  20


Автор: Ермұханбет Қуандық

Шеруге шақыру

 


 


Таң ата жатқанбыз, бір сағаттай ғана ұйықтадық қой деймін. Таңғы жетілер шамасында тұрып, жуынып-шайынып, асханадан тамақтанып алып шықтым. Қалтамның бәрі толған үнпарақ (лис-товка). Тимирязев көшесіндегі киоскіден желімдегіш алдым. Сөй-тіп, троллейбусқа отырып, қазіргі Байтұрсынов көшесімен құлди-лап, төмен кеттім. Бұрынғы Виноградов көшесінен жоғары, Абай даңғылына дейінгі мединститут, физкультура институты т.б. орта оқу орындары студенттері мен жастар шоғырланған жатақханалар т.б. мекемелер – менің аймағым болатын. Кейбірін есіктерге, кейбі-рін көшедегі көзге көрінетін бағандарға, аялдамаларға жапсырып келе жатсам, стамотология факультетінде оқитын Қойлыбай есімді құдам кездесіп қалды. «Жүрген жеріңде тарат», – деп, оған бір-неше листовка бердім. Бәрін таратып болып, Абай – Космонавтар (Байтұрсынов) қиылысындағы спорт сарайы жанынан жоғары қа-рай автобусқа отырдым. Ұзын автобус екен, қалтамда қалған үн-парақтың соңғы екі данасын сол автобус салонының артқы есігі мен терезесіне жапсырдым. Үш-төрт қыз бен жас жігіт тұрған, мен жапсырған бойда бәрі үңіліп қарап жатты. Сұрасам, журфактың студенттері екен. Орталарындағы жалғыз жігіт Жуалыданмын де-ген. Сол жігітті кейін іздеп, таппай қойдым...


Айтқандай, жолда, Космонавтар (Байтұрсынов) көшесімен өрлеп, Сәтбаевтан өтіп бара жатып, автобус терезесінен қа-рағанымда, сол кездің өзінде Брежнев алаңында қарағұрым адам-дар қарасы көп екенін көрдім. Бұл – желтоқсанның 17-сі болатын. Біз автобустан түскенде, ҚазМу қалашығына кіре берістегі көпқа-батты ректорат ғимаратының алдында қалың студенттер қаптап тұрды. Түскі сағат бір боп қалған шақ. Түнде біз тарқасқанда, «Таңертеңгі және түстен кейінгі кезекте оқитындардың тоғысатын мерзімі –дәл осы түс әлетінде, осы жерге жиналамыз», – деп ке-ліскенбіз. Студенттердің көптігі соншалық, кездеспек болған жі-гіттерді таппай, табыса алмай қалдық. Мен келген бетте, өзіміздің оқу корпусымызға кіріп, факультетті аралап шықтым. Университет комсомол комитетіне бардым.


 


– Міне, қалың ел жиналып тұр, не дейсіңдер? Ертең айтамыз деп жатыр едіңдер ғой кеше түнде? Айтпайсыңдар ма енді, айта-тындарыңды? – десем, ондағылардың бірі:


– Жақсы болды, біз қазір барамыз, сен бара бер, – деді... Қалың нөпір қашанғы тосады... Біреулер: «Кеттік алаңға!» –


деді. Сонымен селдей лықсыған қалың ел көшені толтырып, алаңға қарай сырғып жүріп кетті. Бұл жолы студенттерді тоқтатуға әрекет жасаған ешкім болмады. Біреулер галстугын шешіп, таяқшаға іліп, белгі беріп, көлік қозғалысын тоқтатып жатты. Тимирязевпен келе жатқан студенттер колоннасының басы Марков көшесіне жеткен-де, аяғы ҚазМУ қалашығынан жаңа шығып жатты. Сапымызды бұзбаған күйі, алаңға келіп жеткенімізде, ондағылармен көптен көріспеген туыстардай, құшақтасып қауыштық...


(Біздің университет студенттері алаңға қалың қол боп барған-дарының кино хроникасы да сақталған. Тарих факультетінің сту-денттері де түсіп қалған сол көріністерде).


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу