Әңгімелер ✍️
Жиналыс
ҚазМУ қалашығындағы өзіміздің тарихшылардың жатақха-насында орным бар. 309-бөлме. Екі бала отыр екен, сөйлестік.
Бөлмеден шығып, баспалдақпен төмен түсе бергенде, басқа жі-гіттермен жолығып қалдық. Есік алдында тұрып, әрі-бері өткен-дермен пікір алмасқан соң, жатақханадағы студенттерді жиып: «Кеңес құрайық», – деп шештік. 6-жатақхананың жоғарғы-төмен-гі қабаттарын аралап, қыз-жігіттерді төртінші қабаттың фойесіне жинадық.
– Құрметті қыздар, жігіттер! Осылай да осылай... Пленум бо-лып, сырттан әкелінген Колбин дегенді республика басшылығы-на тағайындағанын өздерің де естіп жатқан боларсыңдар. Қазір – жариялылық, ел азаматы ретінде, өз пікірін ашып айтуға әркім-ақ құқылы. Осы туралы кім, не айтады? – десек, ешкім үндемейді. Сосын, өзім ортаға шығып, жиналысты жүргіздім. Болған жағ-дайдың орынсыз екендігі туралы өз ойымды ашып айтып, негізде-ген болдым.
– Осыған байланысты сендер не дейсіңдер?.. – деп, сөзге тартып, біраз қыз-жігіттерді сөйлеттік.
Сол жиналыста айтылғандарды жүйелеп-жіктеп құрағанда, мынадай үш түрлі ұсыныс болды:
– Пленум шешімін қолдамайтындығымыз туралы Мәскеуге, СОКП ОК-не хат жазу;
–Қазақстан компартиясы ОК-нің шешіміне наразылығымызды білдіру ретінде, 17-желтоқсан күні сабаққа бармай қалу (протест); – Орталық Брежнев алаңына 17-желтоқсан күні бейбіт митин-
гіге шығып, наразылығымызды білдіру (демонстрация)...
Осы кезде, жатақханада тұратын факультет комсомол ко-митетінің хатшысы Иманқұлов Мұрат пен студенттер кеңесінің төрағасы Алпысбаев Талғат екеуі келді. Олар: «Бұл әрекеттерің дұрыс емес, себебі, сендер партия мүшесі емессіңдер. Бұл мәсе-лені ертең факультетке барып айтасыңдар. Енді тараңдар!..» – деп, студенттерді тарата бастады. Сол жерде Мұрат екеуіміз сөзге келіп қалдық. Ол – басшы, мен – орынбасарымын. Жалпы көпшілік та-рап кетті. Біз де өз бөлмемізге келдік. Бірақ мен байыз тауып отыра алмадым. Чернобыльға бірге барған достарымның бірі – Камалда-нов Рашит деген жігітті шақырып алып, екеуіміз: «Журфакқа барайық», – деп шештік. Онда барсақ, жым-жырт, ешкім көрінбейді. Түнгі сағат 11-ден асып қалған болуы керек. Ол жерден шығып, заңфак жатақханасына бардық. Онда да Чернобыльға бірге барған бірнеше жігіт тұратын. Барсақ, олар бәрі дүрлігіп жатақхананың алдында, сыртта жүр. Оларға қосылып, орталық алаңға бармақ боп төмен жылжи бергенімізде, алдымыздан «Волгамен» университет партия комитетінен Бақытжан Жұмағұлов, Университет комсомол комитеті хатшысы Баяндаров Мағзұм және Шәріпбек Әмірбеков т.б. белсенділер келіп тоқтады да, бәрімізді кері қайтарды. «Бәрің жатақханаға жүріңдер, мен сендерге түсіндіремін», – деді. Бәріміз топырлап, заңгерлердің 9-шы жатақханасына кірдік. Сол жерде жиналыс жасап, ол сөйлейді, біз сұрақ қоямыз. Тарих факультеті-нен біз – Камалданов екеуіміз ғана. Қалғандарының бәрі – заңфак-нің студенттері. Сол жерде мен де сұрақ қойдым.
– Қазақ басшы Д.А. Қонаевтың кезінде біздің ұлттық тіліміз-дің жағдайы мүшкіл болды. Енді, бірінші басшы болып, қазақтың тарихынан, тілінен бейхабар, сырттан бір орыс келгенде, ендігі жағдайымыз не болады? Тіліміздің жағдайы не болады? Қазақтың тілі Шумерлердің тілі сияқты өлі тілге айналмақ па?!.. – деп едім, Жұмағұлов дүрсе қоя берді:
– Ей, не армандап тұрсыңдар!? Қазақтың тілі баяғыда өліп қалған! Ол енді тірілмейді!.. Сендер тілді аңсап жүрсіңдер ме, ар-мандамай-ақ қойыңдар. Одан да сабақтарыңды оқыңдар. Осымен тарқаңдар!.. – деп, өктем-өктем сөйлеп, доқ көрсетіп, күшпен та-ратқандай болды. Шәріпбек біздің тарих факультетін бітірген және бізді танитын болғандықтан, Камалданов екеумізді жетектеп, жа-тақханамызға дейін алып келіп кіргізді де, өзі қайтып кетті. Біз де ішке кірген болдық та, артынша кері шығып, заңфак-нің жатақха-насына қайта бардық. Сөйтіп, манағы айтқан Чернобыльдық дос-тарымыз бар, басқа да біраз студенттер жиналды. «Бұл не сұмдық? Не істейміз?..» – деп, сол жерде ұзақ отырып сөйлестік, оқиғаны талқыладық. Соңында, бәріміз қабыл алған шешіміміз: Үнпарақ (листовка) жазу және оны қала тұрғындары арасында таратып, 17-желтоқсан күні халықты алаңға бейбіт шеруге шақыру. Пленум шешімімен келіспейтіндігімізді білдіру болды.
Иә, шеру – бейбіт түрде өтуі керек! Мен тарих факультетінде 3-курста оқимын, СОКП тарихы болған соң, дәрістерде митингі-лердің қалай өтетіндігі туралы, оны дұрыс ұйымдастырып өткізу туралы саяси тақырыптар да шетелдер мысалымен оқытылатын. Сондай іс-шараларда арандатушылардың болатындығынан, тіпті олармен күрес жолдарынан да теориялық біліміміз болды. Бола-шақ тарихшы-саясаткер ретінде, мен осы жағын ортаға салдым. Ал заңфактың жігіттері, болашақ заңгер-мамандар, заңдық жағын, яғни 1977 жылғы Конституциялық заңға қайшы келмейтін сөздер-ді теріп қолданып, сол жерде отырып, үнпарақтың нұсқасын жаз-дық. Онда:
«...Сіздерді 17-желтоқсан күні сағат 14.00-де Брежнев алаңында өтетін бейбіт, ОК (орталық комитет пленумының) шешіміне қарсы наразылық шеруіне шақырамыз!..» –деп жазылған үнпарақ мәтінін бір ауыздан бекіттік және «мазмұны қол-даныстағы заң нормаларына сәйкес» деп таптық. Үнпарақты, негізі-нен, студенттер көп шоғырланған аудандарға тарату келісілді.
Ертеңгі күні жауапқа тартылатынымызды біліп тұрмыз, бірақ қылмыстық іс емес, әрі кеткенде, әкімшілік жазалауға ұшырай-тынымызды, қаталдау кетсе, оқудан шығарылуымыз да мүмкін екенін межелеп отырмыз. Қалай болғанда, өміріміздің осы кезеңін-де қолымыздан келетін батыл әрекетке баруға тәуекел етіп, соған бел байластық. Үнпарақ үлгісін дайындап алғаннан соң, енді, кім қаланың қай аймағына тарататынын бөлістік. Ертеңгісін, яғни 17- желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында, ректорат ғимаратының алдында жолығатын болып келісіп, қоштасып, тарқастық. Енді мұны көшіріп жазып, көбейтуіміз керек.
Жатақханаға келгенімізде, сағат түнгі үш шамасы болып қалыпты. Бөлмеде бірге тұратын Жанысбеков Мұрат маған іні-ба-уыр боп кеткен, жасы кіші болғанымен, курстаспыз, бірақ ол қа-зақ бөлімінде оқиды. Сол Мұрат екі досымен әңгімелесіп отырды. Қасындағы достарының жазулары жақсы екен. Дереу қағаз-қалам беріп, көшіріп жазуға соларды отырғыздым. Әне-міне дегенше, үшеуі үш жақтап жазып, үйіп тастады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter