Өлеңдер ✍️

  20.07.2024
  108


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Жаңбыр жауды...

Міне тағы жаңбыр жауды


Өмірде емес көңілде


Сөнбегені үмітімнің


Дұрыс па әлде қате ме?


Жан емеспін жақсысы


Бола алмадым дәл сендей


Бірақ болдым жаманы.


Міне тағы жауын жауды


Миға емес жүрекке


Алай-дүлей дауыл соқты


Мендегі асау көңілде


Бір бақытты етпегемде


Бір рет күлдірмегемде


Махаббат аз бұл тағдырда


Адал сезім сирек пе?


Міне тағы жаңбыр жауды


Енді тағы өзіңсіз


Ұнатушы едік ақ жауында


Бірге билеп көп үнсіз


Жүріп өткен көшелермен 


Жалғыз өзім жүремін


Куә болып махаббаттың


Аздығына сенемін,


Жауын жауса қарбаласып


Мен еске бәрін аламын


Көз жасымда ақ жауынға


Бара жатыр бірлесіп


Көз алдымда тұрғандайсың


Құшақ жая қарсы алып


Дәл жанымда жүргендейсің


Аппақ нұрыма айналып


Жауын асты күліп ойнап


Тұрғандайсың еркелеп


Сені жаным ұмытпаспын 


Қанша жүрек елжіреп


Ақ таңныңда керек емес


Қайта сені көрмесем


Ақ жауыным жапқан кезде 


Сені тағы іздесем


Келетіндей жауын сумен


Сыңғарлатып іздесіп


Келесіңбе? Қайта маған


Жаңбыр болып ілесіп


Міне тағы жаңбыр жапты


Тағы жүрек жаралы


Айнам сенсіз мына өмір


Қара түнге айналды


Жауын жауса сені іздеп


Сағынамын әліде


Жауын болшы жарығым-ау


Жауын мәңгі кетсін бе?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу