Өлеңдер ✍️

  20.07.2024
  90


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Ақ көбелек

Мінекей бізде есейдік,


Табиғатта көгерер.


Көбелектер тіріліп,


Қанатына күн түсер.


Бұл жарық дүнием-ай,


Асығуда барлығы неге бұлай?


Өз-өзіме көмілмей жүргенімде,


Ішімдегі сырыммен бөлісемде.


Есіңде ме? Сол ерекше күн батқан.


Қызыл аспан көк аспанды ауыстырған,


Алтыбақан жанында біз екеуіміз,


Мән бермей жәй ғана ойын құрған.


Ай астында шуағына шомылып,


Естен кетпес жараларды жоғалтқан.


Бұл өмірдің ғажабына сенесің бе?


Айтшы маған үмітің үзіле ме?


Мен сенемін жалғанның шындығына,


Ақ көбелек саған айтып үлгерем бе?


Дайынсың ба? Бастауға жаңа тарау,


Бәлкім менсіз басқаша өмір болды-ау.


Емеспіз бе? Екеуіміз жақын жандар,




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу