Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.07.2024
223
Қиын не бар?
Мың қиылған сезім дейтін дерттерден,
Қиын не бар ғашығыңды көрмеуден,
Бұл өмірдің ғажабына мен әлі.
Келемін-ау, келемін-ау сенумен.
Аяқ басып үйренемін тағдырда,
Мың құбылған адамда бар жанымда.
Мен келемін әлі күнге үмітпен,
Уақыт келер екеумізде кездескен .
Көп айтылған, көп ойланған сөздерден.
Қиын не бар? Сүйгеніңе жетпеуден,
Үйренісіп қалсақтағы тағдырға,
Мен жүрмін-ау әлі сені сүюмен...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter