Өлеңдер ✍️

  20.07.2024
  41


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Бір күндері

Қай күндері? Бір күндері күнелтем,


Қай бағытта? Қай уақытта мен өшем.


Арыла алмай сезім деген қайғыдан,


Бір бұрышта,бір күндері мен өлем...


 


Жылдар өтіп араласа айларым,


Тұра берем қан жұтыпта қамалдым,


Аяқталар,бәрі бітер соңында.


Менде кетем,менде мәңгі қалмаспын.


 


Нұр жауғанда мен көрмеймін жарықты,


Қара түнек көзім байлап алыпты.


Қап-қара түн көрінбейтін ештеңе,


Қара нөсер жауып жатқан төбемде.


 


Асу алыс белден өтіп келмеспін,


Арманыма мақсатыма жетпесін.


Разы болып аяқталар өмірге,


Өлер болсам қайта тіріліп келмеспін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу