Өлеңдер ✍️

  20.07.2024
  97


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Сендей бола алмадым

Сен маған сендің бар үмітпенен


Жанымнан табылғансың кідірместен


Сен маған барлығын бере алдың


Үмітіңді ақтамаппын ақымақпын


 


Таңырқаумен қарадың неге олай?


Бір ағымды жолдардың қиынын-ай


Құласамда өмірден бәрін таптап


Кешіріммен қараған жанарың-ай


 


Кім білген бұлай қатты кетерімді


Бір арманды орындамай өтерімді


Маған арнап берген ақ қанатты


Сындырып өртегеннен дым қалмапты


 


Мен саған ештеңе бере алмадым


Сен ойлаған адамда болмадым


Сен маған сеніп берген серттеріңді


Тағыда үмітіңді ақтамадым


Мен тағы сендей адам бола алмадым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу