Өлеңдер ✍️

  20.07.2024
  262


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Сымбаттым

Қиылған көз, қара шаш,


Ақ маңдайлы қарлығаш .


Еріттің-ау жүректі,


Сезім оты басылмас.


Найза кірпік, қызыл ерін


Ақ мінезді еркем едің


Талай жанға арман болған


Ертегіден келіп едің


Оттай ыстық көз жанарың


Өртеді ау жан баласын


Бір көріп ақ ғашық қылған


Басқа әлемнен келіп алдың


Қыпша белің, сыңғыр сезім


Қандай ғажап ару едің...


Қол жетпейтін армандайсың


Бір алыста қалғандайсың


Сырттай жақсы көріп жүріп


Мүлде саған бара алмаймын 


Қыпша белің, нәзік ерін


Таңқалдырған мінезің


Сымбаттысың сыңғыр мүсін


Қандай сұлу жан едің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу