Өлеңдер ✍️

  20.07.2024
  102


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Ғашық екем

Мен саған шыныменде ғашық екем,


Өзіңе айтпай кеткен дұрыс екен.


Жәй ғана өлең арнап ән шығарып,


Өзіңді тек көзіммен еркелетем.


 


Жарығым сен оны күтпейсіңде,


Бұл жырым сен үшін білмейсіңде,


Сезімімді келеді дәлелдегім.


Сен менің Музамсың сезбейсің бе?


 


Жалын атқан көздерің сөзсіз жылы,


Жыр жазбай-ақ кетемін күшің мықты,


Сендік жүрек болаттан жаралсада.


Бейбақ жан екенмін мен ақыры.


 


Рухың мықты, сынбайсың болашақта,


Сен асқақсың, қанаттысың, тағдырыңда.


Мен жай ғана өзіңе ғашық екем.


Тек сенің бақытыңды қалап өткен.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу