Өлеңдер ✍️

  20.07.2024
  72


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Таңырқап қалам

Таңырқап кейде қаламын сені көргенде,


Талпынам менде өмір деген өлерме.


Жаныма менің жыр сыйлайтын ерекше,


Бұл тағдыр қиың биікке шыққан кемеме.


 


Өзіңді көріп сырласпай кету ұятты,


Сыйласып жүріп сыңарын тауып бақытты.


Өкпеңді төкпе тік қара мына өмірге,


Өзің үйреткен болмасын қаяу көңілде.


 


Алыстан келіп болыппыз жаңа таныстар,


Емеспіз әлі жақсы танысқан жақындар,


Тамсанып қалам қызығып қалам таңырқап. 


Көргенде сені Нұр шашқан көзің жарылқап.


 


Тілекшің болам тіреуің болам дегенмен,


Бұл тағдыр солай барлығы қиын берілген.


Бақытқа қарай жүгірсең биік талпынып,


Қарап тұрамын демеушің болып талпынып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу