Өлеңдер ✍️

  20.07.2024
  61


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Несіне жаным жыладың?

Несіне жаным, несіне жаным мұнайдың?,


Мендегі сезім күні күнге ұлғайды


Шаршасаң егер өмірдің қиын көлінен


Құрақ болайын келіп сен маған құлайтын


 


Тіреу болайын ақ қайың болып жаныңда


Тауың болайын биік шатқалдай болдымда


Несіне бұлай мұнайдың неге сымбаттым


Төкпеші енді көз жасыңның бұлағын


 


Өкпеңді төкпе,өкпеңді төкпе шырағым


Өміріміз тек мұң қайғыдан тұратын


Жүрміз ғой бізде шын сүйсекте қосылмай


Несіне енді несіне жаным жыладың?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу