Өлеңдер ✍️

  20.07.2024
  62


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Сенің көзің

Абай айтқан сенің көзің,


Бір ерекше сән екен,


Айдай сұлу аппақ құсым,


Жарқыраған күн екен.


Менің саған сезімдерім,


Толып жатқан жыр екен.


Сенің маған шын сезімің,


Жетем оған күні ертең.


Айдындағы тұнық көлдей.


Тұңғиықпа көздерің,


Саған келер теңеу таппай,


Қиналдым ау өз-өзім.


Қара ұзын шашың сенің,


Қандай ғажап бұлақтай,


Төгіледі сенің нұрың.


Жайнап түскен құрақтай,


Аппақ құсым көп іздедім,


Дәл өзіңдей аруды,


Сені көрмей қалсам болды.


Қиналамын кәдімгі.


Мұқаң айтқан сенің көзің,


Ерекше бір әлемді.


Аппақ құсым дәл өзіңдей,


Бір ерекше әдемі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу