Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.07.2024
77
Қызық елміз
Көрген түсім арман болған талайға,
Бәрі жақсы тек түс қана алайда.
Ол жердегі елім менің алпауыт,
Ол жердегі заңым менің ғажайып.
Бостандықпен бәрі жақсы күн кешкен,
Адамдар жоқ түніменен су кешкен,
Басшылар жоқ сатылатын ақшаға.
Заң күші көп жоғалмайтын параға.
Қанша жылда көтерілген үмітпен.
Соңғы жылда қаралы күн көп кешкен.
Бұл Қазақстан әлі биік ел болар,
Барлығы тек өмір сүрсе шындықпен.
Жасағанын мойындамай пенделер,
Өз қатесін өтейді ол демеңдер.
Бұл елдегі қашып кетсе жазадан,
Бәрібірде жауап берер кез-келер.
Қарап тұрсам қызық елде тұрамыз,
Су жоқ елде суға батып тынамыз.
Ең адам аз елдің бірі болсақта,
Жылдан-жылға қызыл қанға толамыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter