Әңгімелер ✍️
Мен қате жоспардан да, жалған мақсаттан да бас тартамын.
Біз Marine Health бизнесін бастаған кезде, желілік бизнеспен айналысатын жандарға арналған ең мықты компания құруды көздедік. Нарықта қолайлы жағдай жасадық, маркетинг жоспар құрастырдық, көшбасшылармен үнемі байланыста болдық және әрдайым: "Сіздер үшін тағы не істей аламыз?" деген сауалдан таймадық. Соның арқасында көшбасшылардың ыстық ықыласына бөленіп, құрметке ие болдық. 7 мемлекетте және 100-ден астам қалада жұмыс істейтін біздің бұл бизнесіміздің басты жетістігі — осы еді.
Сондай күндердің бірінде мен барлығымызға, басқарушы команда мен лидерлерге — әлемдік нарықта ҮЗДІК-50, ал МЛМ саласында әлем бойынша ҮЗДІК-10 қатарына ену туралы амбицияға толы жоспар ұсындым. Ол кезде біз әлем бойынша 62-ші қатарда қарыштай дамып келе жаттық. Басты қателік те осында болды, — шынайы мақсатымыз жалған мақсатпен алмасты. ҮЗДІК-50 қатарына ену деген не? Бұл дегеніміз — "біз мықтымыз", "мен мықтымын" деген нәспінің қалауы болатын. "Біз кереметпіз" деп кеуде соққандықтан емес, көшбасшылармен сөйлесіп, пікірлерін тыңдап, дұрыс қарым-қатынас орнатқандықтан, осындай дәрежеге жеткенімізді ұмыттық. Басқалар бізді үлгі тұтқан еді...
Мен өз қатемді мойындаймын, бұл толықтай менің жауапкершілігімде, ондай шешім қабылдаған — өзім. Шынымды айтсам, "жұлдыз ауруына" шалдығып, бизнес басқарудың қыр-сырын толық меңгердім деп ойладым. Бағытымнан ауытқып, баршаңызды жалған мақсат жолына бастағаным үшін барлық көшбасшылардан, серіктестерден, әріптестерімнен кешірім сұраймын.
Енді не істейміз? Иә, өкінішке орай, уақытты қайтара алмаймын. Өткен өтті. Алайда, өзімнен бастамақпын, осы бизнесті алғаш бастаған кездегі сәтті моделімізге ораламыз. Бизнесті реформациялауды бастаймыз: қандай да бір әлемдік көрсеткішке жету деген сияқты мақсаттан бас тартамыз, өзімізді шетелдік компаниялармен салыстыруды қоямыз. Бәрін басынан бастаймыз, "желілік бизнеспен айналысатын жандарға арналған ең мықты компания құруды" қолға аламыз. Қызметкерлердің бәрі, басшылық және мен — барлығын қайтадан бастадық.
Иық тіресе жұмыс істеген өткен күндерді еске алуға дайын серіктестерімізді; біздің компания мен өнімдерімізді жақсы көретіндер жандарды; жарқын болашақ қалыптастырғысы келетін баршаңызды күш біріктіруге шақырамын. Мен оралдым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter