Нақыл сөздер ✍️
Нақыл сөздер ✍️
17.07.2024
266
Әйел — күйеуінің отбасындағы жеке PR-менеджері. Әйел адамның жанұяда әкенің дұрыс имиджін қалыптастыруы өте маңызды. Мәселен, жұбайының өз күйеуін "жатып ішер", "маскүнем", "түкке пайдасы жоқ" деп атағанын балалары естімеуі керек. Өйткені, соның салдарынан баланың әке туралы ойы өзгеріп, балалық шақта да, өскенде де ара қатынастары нашарлап кетеді. Өзіңіз ойлап көріңізші, өмір бойы әкесінің басқа да еркектер сияқты "түкке жарамсыз бейбақ" екенін естіп өскен қыз қандай болады? Ол ер адамдармен қалай араласуы керек? Сондықтан, кей кездері аздап әсірелеп жіберу керек болса да, әкені әрдайым әдемі қырынан көрсетуге тырысыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter