06.07.2024
  89


Автор: Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Ән жырымыз айтыс бар

Салт-дәстүрлерімізді жалғайтын әніміз бар, жырымыз бар, биіміз бен айтысымыз бар. Ұлттық киімді киіп домбырада орындаған әндеріміз қандай әдемі десеңізші. Құлақтан кіріп бойды алар деген осы шығар дим әсем ән мен тәтті күй... Жанымызды тербейтін ұлттық аспапта орындалған әндеріміз бен жан тербейтін күйлеріміздің орны бөлек, солай емес пе?! Қазақи сұлулықты көрсететін, жаныңды тербейтін ұлттық күйлеріміз қаншамай, атап айтар болсақ: «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ерке сылқым» деген сияқты күйлеріміздің орны ерекше расында да. Ал енді ұлттық киімдегі қыздарымыздың осындай қазақтың күйлеріне билеген сәттері тіптен ғажап көрініс дер едім. Шыныменде қазағымды қазақ етіп жүрген ұлттық құндылықтарымыздың маңызы зор дер едім.
Ал нағыз біздің қазағымызға тән ұлттық айтыс өнері ше, екінің біріне қона бермейтін қасиет емес пе?! Айтыс өнері сонау Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл аталарымыздың заманында етегін кеңге жайған өнер десек болады. Сол заманда бір үйде жиын болса, той болса қолдарына домбыраларын алған жастар айтыс жасап отырыстың сәнін келтіріп отырған.

Қазіргі уақытта да сол үрдіс жаңаша қалыпта жаңғырып жалғасын табуда.
Бір әулеттің бабасына үлкен ас беретін болса, еске алу астары немесе шаңырақта той думан болса айтыскер ақындарды шақырып үлкен айтыс ұйымдастырады. Көкпар береді, қазақ күресін жасап осындай ұлттық нақыштағы тойларын, еске алу астарын өткізіп жатады. Айтыс өнері көбіне Наурыз айларында кең етек жайып облыстардың орталықтарында өтеізіліп отырады. Міне, бұл біздің салтымыз, дәстүрлеріміз, салт-дәстүрлерімізді жаңғырту әрбір қазақтың баласына парыз деп ойлаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу