Эсселер ✍️

  06.07.2024
  73


Автор: Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Біздің ұлттық ойындар

Салт-дәстүрлеріміз жайында сөз қозғасақ әрине біздің ұлттық ойындарымыз еске түседі. Қазіргі таңда ұлттық ойындарымыз қанатын кеңге жайып келе жатыр десек қате айтпағанымыз болар. Әсіресе ұлттық мерекелерде кеңінен насихатталып, кеңінен ойналатын біздің ұлттық ойындардың бірнешесін атап айтар болсам:
Арқан тарту: яғни, ортаға жиналған жастар екі топқа бөлініп, оптаны бөліп, сызық сызады да, үлкен арқанды алып, екі жақа қарай тартады, сызықты басып, сызықтан аяқтары өтіп кеткен топ иелері жеңіліске ұшырайды.
Көкпар бар, ұлттық ойындардың жарқын көрінісіне ие. Арнайы екі қазандық, екі топ, ортада атқа мінген жастар, қарсыластық қазандығына қолындағы қойды немесе серкені салу болып табылады.
Қыз қуу бар, теңге алу бар. Алтыбақанды қалайша айтпай қте аламыз?! Бұл ұлттық ойындардың аты айтып тұрғандай ерекше қызықты қасиетке ие ойындар. Сонымен қатар жарыстар бар, аламан бәйге, қазақ күресі бар барлығы да біздің ұлттық құндылықтарымызды айқын көрсетеді деуге болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу