06.07.2024
  68


Автор: Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Салт-дәстүрлеріміз

Қазақтығымыздың айқын көрінісін көрсететін ол әрине біздің салт дәстүрлеріміз. Қазақи нақышпен тігілген ұлттық киімдерімізді киіп, мереке күндері болсын, басқа да жәй күндері болсын салт-дәстүрлерімізді насихаттап, өскелең ұрпаққа көрсетіп, таныстырып жүрсек біздің ертеңіміз жарқын болары анық. Салт-дәстүрлерімізді жаңғырту жолында салтымызды көрсететін бірнеше дәстүрлерімізді жазып шығар болсам:
Бесікке салу: яғни үлкен әже-апаларымыздың кішкентай сәбиді бесікке салу үрдісі. Яғни тыштыма деп, тәттілерді салып, ырымдап өмірі тәтті болсын, балдай болсын деп ақ бата тілегімен бесікке салулары әлі де өз жалғасын табуда. Бұл да біздің ерекше салтымыз десек болады.
Тұсау кесер: бұл үрдіс те кеңінен етек жайып келеді. Бұрындары үлкендерге сол кісілердің жасын берсін деп жасы үлкен кісілерге, аузы даналы сөзге толы данышпан, тақыр кісілерге тұсау кестіретін болса, қазіргі заманда заманына сай адамы демекші, атағы бар әншіге немесе белгілі бір жоғары орындарда қызметкерлерге солардай болсын деп, көпшіл жан болса, әнші биші болса солардай болсын деп ата-аналар баласының тұсауын өз қалауларымен қалаған жандарына кестіріп жатады. Бұл да болса адамға ерекше әсер береді, солай емес пе?!
Әрі қарай жылжытын болсақ: бізде сүндетке отырғызу келеді. Бұрындары сүндетке отырғызу үшін ауылға келген имамдарға жүгінетін еді, қазіргі таңда медицинаға жүгініп жатады. Сүндетке отырғызып, ұлан асыр той жасау біздің осы ата-балаларымыздан келе жатқан салтымыздың жаңғыруы деп білемін.
Одан әрі тағы жылжитын болсақ: үйлену бар, шаңырақ көтеру, отбасын құру бар солай өмір өз кезегімен жалғасын таба береді. Мұның бәрі ұлттық дәстүрлеріміздің айнымас көріністері деп ойлаймын. Біздің осындай ұлтттық құндылықтарымыз болмаса бұл күнге қалай жетер едік, кім білсін?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу