05.07.2024
  65


ҰБТ-ға дайындық: қалай курс таңдаймын?

Әрбір 11 сынып оқушысысын алда ең маңызды емтихан күтіп тұр. ҰБТ-ны уайымдамай қалай дайындалса болады? Әрине ол курстарға жазылу. Мен сіздерге оны қалай дұрыс оқып, өкініп қалмау керектігін айтатын боламын.



  • Дайындық білім орталығының отзывтарына қатты сене берудің қажеті жоқ, әрине арасында ақиқаты бар болса да, өтірік отзыв жазатындары көп. Сондықтан мұқият болыңдар. Керісінше олардың нәтижелеріне мән беріңдер. Егер алдыңғы жылғы оқушыларының максималды балы 100-105-пен шектелсе, ондайды таңдаудың қажеті жоқ. Себебі олардың мықты деген оқушыларының өзі 100-бен шектелгені өте кішкентай көрсеткіш. Бұл балл кейбір университеттердің шекті балына, ал кейбір мамандықтардың грантына да жетпейді. Ең кемінде результаттары 120+ болғаны дұрыс.
  • Онлайн-оффлайн жағын айтсам, онлайн деп жаман көзқараспен қарамаңдар. Байқағандарыңдай 2024 жылғы түлектер барынша көп балл жинап жатыр, өйткені олар онлайнда оқыған. Мәселен, ОНЛАЙН оқудың көп артықшылықтары бар: 1)үйден шықпай энергияңды,уақытыңды,ақшаңды босқа кетірмейсің. 2) Онлайн оқудың мерзімі көп орталықтарда оффлайннан қарағанда аз. Егер барып оқитында максимум 8-9 ай болса, онлайнда 5-6 ай. Ал енді оффлайнның артықшылығын айтсам міндетті түрде сен бетпе бет кездессең мұғалімнен бірден түсінбеген жеріңнен сұрақ қоясың. Алайда ескеріңдер, онлайн таңдаған жағдайда сапалы білім беру орталығында үнемі кері байланыс болу керек.
  • Маркетинг деген нәрсе бар. Барынша креативный, әдемі етіп пост-жарнамаларға алданып қалмаңыздар. Оларға бастысы сені грантқа жетелеу емес, сені кіргізу. Сондықтан әдемі «мұқабаға» қызықпаңдар. Көп оқушының қателігі содан, қырғын ақша кетіріп, кіріп алып, ақырында өкініп отырады. Сонымен қатар алғаш курсты таңдасаңдар бірден 1 жылға алсам жеңілдік болады екен демеңдер. Алдымен 1 айға алып, толықтай курсты таныңдар, біліңдер,көріңдер. Әйтпесе, кейін шыға алмай отырасың.
  • Сапалы ББО әрқашан активный болады. Сол курс қаншалықты жиі нұсқа талдау, практикалық сабақ, қосымша сабақ өткізіп, пайдалы постар, чеклистер шығаратынын көр. Олардың ұжымдарының деңгейі де көп айтады. Тату-тәтті, тығыз байланысқан ұжым болған жерде жетістік көп. Ал өзара мұғалімдер, кураторлар жиі ауысқаны саған тиімсіз болады, өйткені бір мұғалім жақсы үйретіп, басқасы тәжірибесіз болуы мүмкін. Сенімен 24\7 жауап беретін кураторлары болғаны жақсы. Сонымен қатар ата-анамен байланысын үзбей, оларға сенің үлгеріміңді айтса қорықпа, қуан. Солай сені оқуды тастап кетпеуіңе стимул болады.
  • Егер де тегін лагерь, 7-күндік пробный сабақ деген болса бірден қатысыңдар. Біріншіден бұл тегін, екіншіден сендер сол курстың плюс-минусын анықтап, келесі де нақты жазыламын ба жазылмаймын ба деген сауалға жауапты білетін боласыңдар.

 


Ең бастысы біліңдер, Курс-дайын нәрсені шәйнап беретін көмекші құрал, негізгі нәтижені шығаратын өздерің. Сондықтан курстан тыс өздеріңе сеніп, дайындық барысында жүріңдер. Алдағы уақытта сәттілік тілеймін 2025 жылғы түлектер!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу