ИППОДРОМ
Жоба төлқұжаты
Тақырыбы: «ИППОДРОМ»
Мақсаты: Игерілмей жатқан жерді халық пайдасына беріп, қала тұрғындары отбсымен демалатын орын ашып, ұлттық ат спотын жандандыру.
Міндеттері:
1. Халықты жұмыспен қамту;
2. Мүмкіндігі шектеулі жандарға пайдалы дүние жасау;
3. Игерілмей жатқан бос жерді игеру;
4. Жобаны жүзеге асыру.
Күтілетін нәтиже:
1. Аталған идея жүзеге асырылатын болса, көне Тараз қаласына жаңа серпін бере қана қоймай, қала тұрғындарына демалы орны, атпен серуендейтін, рухани демалатын орта қалыптастырылады.
2. Мүмкіндігі шектеулі жандарға «Иппотрапия» емін қабылдай алатын қолайлы орта жасалынады.
3. Игерілмей жатқан бос жер залық пайдасына беріледі.
4. Адамдар жұмыспен қамтылады.
Идея авторы: Момыналы Аяулым Мейербекқызы
Тараз қаласының әкімі: « Мен Тараз қаласының дамуының екі бағытын көремін: 1. Экономикалық өсу; 2. Қолайлы орта» деп үн қатты.
Ұсынылатын жоба экономика жағынан ұтымды және халық үшін қолайлы орта болып табылады.
Барша жұрт білетіндей «Ипподром» - ат спорты.
Ат спортыың пайдасы қандай?
Елімізде дене шынықтыру мен спорт саласына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Осыған орай 2025 жылға дейінгі екі кезеңнен тұратын тұжырымдама бар. Бұл орайда балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулу мәселесі басты назарда екені айылады.
Бұл тек спорт емес, медицинада да қолданатынемдеу жолының бір түрі. Аттаң өзіне тән энергиясы болғандықтан, олар балалардың психоэмоционалды жағдайын түзеуге көмектеседі. Атпен тілдесудің өзі де бала үшін терапияның бір түрі. Сонымен, ат спорты несімен ерекшеленеді екен?
Ат спортының пайдасы қандай?
Атпен тілдесу баланы сабырға шақырып, оның эмоциясын қалыпқа түсіріп, уайымнвн арылтады. Жалпы адамзат үшін де сондай. Балаңыз екілік баға алып келді ме? Қызыңыз би жарыс фестивалінен сәтсіз өнер көрсетті ме? Мүмкін, өзіңіз бүгін жұмыс орныңызда бір мәселе туындап, басшыңыздан сөз естідіңізбе? Атпен серуендей отырып, кері кеткен көңіл-күй қалыпқа келіп, есін шығарған сәтсіздіктері туралы мүлде ұмытып кетеді.
Ат спорты қан айналымын жақсартып, тыныс алу мен ас қорыту жүйесіне оң ықпал етеді. Аттың үстінде адам денесін тепе-теңдікте ұстап отыратындықтан, жауырын іш пен кеуде бұлшық еттері босап қатаюы арқылы жаттыға түседі.
Жаттығу кезінде баланың алатын физикалық жүктемесі туралы естен шығармаған дұрыс. Организмдегі барлық жүйе бұлшық еттің жұмысы көбейеді. Серуендеу барысында арқа бұлшық еті жұмыс жасаса, аттың жүрісі жылдамдағанда аяқ бұлшық еттері де іске асырылады.
Идеия көп! Неліктен ат спорты ипподромды көздедім?
Ата-ана , достарыңмен демалу үшін баратын сол әдеттегідей кинотеатр және дәмханалар. Ипподромға деп бөлінген жер бар, бірақ игеріліп жатқан жер жоқ! Отбасың мен, достарың мен рухани демалатын жердің аздығы...
Көп жағдайда бата-бабамыздан қалған кең даламыз игерілмей, халық пайдасына асырылмай жатыр, ал жастар және жасөспірімдер, тіпті егде кіслердің өзі смартфонға тәуелді. Ат үстінде ғұмыр кешкен бабамыз кең байтақ дархан даламызда жылқы үстінде қорғаған жерді біздер неге пайдаланбасқа?
Қаладағы күнделікті өтіп жатқан күйбң тіршіліктен демалыс күндері отбасы, достармен демалатын жерлер саусақпен санарлық. Ат спортын жаңарта отырып, көне қалаға серпін бере аламыз. Серпін бере отырып, Тараз қаласының символына айналдыру мүмкіндігі бар. Әуелі қала, ауыл тұрғындары келіп демала алады, екіншіден, тірек қимыл аппаратында проблемасы бар, мүмкіндігі шектеулі жандарда келіп «иппотерапия» емін қабылдауына болады.
Иппотерапияның құдіреті:
Ат спортының тек организмге ғана емес, адамның ішкі жан дүниесіне де пайдасы көп. Қамбар ата түлігі адамдағы негативті тазарта алатын құдіретке ие. Ат спортының пайдасы туралы бірінші спортшлар емес, дәрігерлер сөз қозғаған еді. Олардың айтуынша, атпен серуендеу күрделі дерттердің де өзіне ем бола алады. Көптеген ауыр сырқатқа ұшырағандар атпен тілдесіп, жақсара түскен. Осыдан кейін арнайы «иппоерапия» термині қолданысқа еніп, аат спортының құдіреті төрткүл дүниеге таныла бастады.
Ат спортының түрлері:
Бала ат спортымен айналыспас бұрын, қай бағытына баратынын шешіп алғаны жақсы. Бұл орайда ата-ана жаттықтырушымен кеңесіп, ат спортының түрлері туралы ақпараттарға қаныққаны абзал.
Конкур – кедергілерден өту, бұл ат спортындағы көпке таныымал түрі.
Үйрету – аттың жүріс-тұрысын басқара білу.
Үшсайыс – бір атпен үш күнде үш түрлі дисциплина арқылы сайысу: манежде жүру, алаңда атты сынау, дәстүрлі конкурс.
Ал қатты танымал емес ат спортының түрлеріне қоссайыс, жарыс, жегілген аттар сайысы, барьер арқылы шабыс, ұзақ қашықтыққа арналған кросстарды жатқызуға болады.
Күтілетін нәтиже:
1. Аталған идея жүзеге асырылатын болса, көне Тараз қаласына жаңа серпін бере қана қоймай, қала тұрғындарына демалы орны, атпен серуендейтін, рухани демалатын орта қалыптастыра аламыз.
2. Мүмкіндігі шектеулі жандарға «Иппотрапия» емін қабылдай алатын қолайлы орта жасай аламыз.
3. Игерілмей жатқан бос жер залық пайдасына береміз.
4. Адамдар жұмыспен қамтый аламыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter