Өлеңдер ✍️

  19.06.2024
  466


Автор: Мұхарбек Жәкейұлы

18+

+18


 


Қылығы қыз ішінде балдай тәттім,


Тамсанып тал бойыңа таңдай қақтым!


Жаныңа нұр, тәніңе нәр тамғанда,


Құмарың құштарлыққа қанбай жаттың.


 


Төсегің терім сіңген жиналмасын,


Қызуы құшағыңның миды арбасын!


Иыққа асылғанда ақ білегің,


Жасырды ақ жүзіңді бидай шашың.


 


Бауырың – иісі жұпар балқыған қыр,


Құладым құшағыңа – аңқыған нұр.


Үзіліп түскен мөлдір моншақтарды,


Көгіне көңіліңнің бойтұмар қыл!


 


Қалдырып қарашада түн ызғарын,


Былқылдап босап кетті буындарым.


Төсіңнен тоят тауып таң атқанша,


Сезіндім қос алмаңның уыз дәмін.


 


Қапсыра құшқан кезде аш беліңді,


Ыңырси тістелейсің тәтті ерінді?


Тағдырға риза боп кетер едім,


Қойныңда бере салса жақсы өлімді!


 


Қуырып жібергенде таңдайды апшы,


Болғаның сен қасымда қандай жақсы?!


Дей берсін еркек – азғын, қыз – күнәһар,


Табылсын бізге қайдан балдай нәпсі!


 


 


 


 


 


 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу