12.06.2024
  126


Автор: Халықаралық қыздар күні

«Қыз өссе елдің көркі»

«Қыз өссе елдің көркі» — деген мақалға үңілер болсақ, Қазақ халқының қыздарымызға деген сүйіспеншіліктерін осы бір ауыз мақалдан байқап отырмыз. Расыменде, қыздары көп ата-ананың жұмақтан орны бар деген сөз тіркесі де біздің арқау етіп отырған мақалымызға тұздық болып отырғандай. Қыздар біздің гүліміз, қыздар біздің үніміз. Шырқап айтар жүрекпен, Қыздар ән мен жырымыз. Солай емес пе?!
Ал «Қыз — қонақ» десек, қыздардың өз үйлеріне қонақ екендігі өмірге келген күннен ақ пешенесіне жазылғаны Қыз — жат жұрттық екенін меңзейтіндей. Расыменде, қыз жат жұрт, яғни өзге жұртқа (күйеуінің үйіне) тұрмыс құрып, өз шаңырағын құруы бәрі де заңдылық. Оны ешкім де, ештеңе де өзгерте алмайды.
Қыз жайында айта берсек сөз таусылмасы анық. Негізі жалпылама айтқанда қыздарды нәзік жандылар дейміз. Өкінішке орай, кейде сол нәзік жанды қыздарымызды ренжітіп жататын көп жайлар орын алады. Осындай мақсатта, қыздарды қорғау барысында, қыздардың басындағы кезігетін қиындықтарды азаюына септігін тигізу барысында 11 қазан күнді «Халықаралық қыздар күні» болып бекітілген. Бұл дегеніміз, қыздарға деген үлкен қолдау мен қыздарға деген құрмет деп білеміз. Қыз болашақ ана, қыз біріңізге әпке, біріңізге қарындас. Қыздарды құрметтеу барамызға ортақ. Қыздарымыз жыламасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу