12.06.2024
  98


Автор: Халықаралық қыздар күні

Қыздармен күн шырайлы

Әр шаңырақта жайқалып өсіп келе жатқан қыздарымыз бар. Олар біздің болашағымыз. Жат жұртқа жаралған біздің өрісіміз. Қыздарымыз барында өрісіміз кеңейеді, тынысымыз ашылады. Қыз дегеніміз өте бауырмал, ата-анасына, бауырларына жақын, солардың амандығын тілеп жүретін нәзік гүлдер. Қыздарымызды нәзік гүлге теңегенімен олар өте батыл жүректі, қайсар болып келеді. Қандай жағдай болмасын сол істі оңынан шешу жолында тиімді іс жасайды.
Қыз жүрегі айналасындағы жанына жақын жандарды ойлап, солардың амандығы үшін дұға тілеп жүреді. Қазақ елінде қызды төрге отырғызған. Өз үйіне қонақ болып табылатын қыздарды ата-анасы, бауырлары қыз — қонақ деп оларға төрден орын берген.
Сонымен қатар, «қызды қырық үйден тиым» деген әдемі мақалға үңілер болсақ, қыздың жат қылықтан аулақ болуына бір үйден ғана емес, 40 үйден тиым жасауды, яғни қыздың бойындағы артық қылықтырды байқаған жандар да қызға жөнін айтып, дұрыс жолды айтуын меңзеп отырған. Қыздың тәрбиесі — ұлттың тәрбиесі дегендей, қызды тәрбиелеу арқылы бүкіл ұлтты тәрбиейміз. Сол себепті қыздар жыламасын, қыздар бақытты болсын! Қыздың тәрбиесі мықты болып, бүкіл ұлттың тәрбиесі жақсы болсын!
11 қазан күні тойланар Халықаралық Қыздар күні құтты болсын! Қыздарменен әр күніміз шырайлы, қыздарменен әр күніміз мерекелі де берекелі! Гүл жайнаған қыздарымыз аман болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу