Эсселер ✍️
11 қазан Халықаралық қыздар күні
Қыз өмірдің гүлі, қыз көңілдің нұры, — демекші, өміріміздің гүліне айналған, көңіліміздің нұрына айналған қыздарымыз жайлы айта берсек әңгіме көп. Қыз өссе елдің көркі» деген мақалға тоқтар болсақ расыменде қыз еліміздің көркі емес пе?! Әрбір үйде қызғалдақтай құлпырып өсіп келе жатқан қыздарымыз бар. Қыз жат жұрттық, яғни, бойжеткен қыз ұясынан ұшып, күйеуінің жұртына келін болып түсіп, сол барған жұртына тастай болып батып, судай болып сіңгендерін қалайтынымыз жасырын емес. Қандай ата-ана болмасын өзінің қыздарының бақытты болуына тілекші болып жүреді.
Барған жерінде қызымыз жыламасын, бақытты болсын деген тілектерін іштей Алладан тілеп, үйінде отырып тақымын қысып отырады. Бұл дегеніміз, жаңа отбасына келін болып түскен қыздардың да өз ата-анасын жерге қаратрай, ата-анасына жаман ат әкелмеулері керек деп білемін!
11 қазан — Халықаралық қыздар күні, яғни қыздарды сыйлау, қыздарды құрметтеу әрбір жанның парызы саналады. Қыз ертеңгі ана, қызды құрметтегенің анаңды құрметтегенің, қызды сыйлағаның жаныңа жақын жандарды сыйлағаның болып табылады. Сондықтан, қыздардың құрметіне 11 қазан Халықаралық қыздар күні болып бекітілген. Яғни, бұл дегеніміз қыздарды құрметтеу, оларды сыйлау тек Қазақ елінде ғана емес, бүкіл әлемде бар екенін көрметеді. Аяулы да айдай сұлу қыздарымыз аман болсын, тыныш бейбіт заман болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter