07.06.2024
  340


Автор: Ғани Бейсен

Түрмеден келген қыз - 8 бөлім

Мынау лифт құрғырың ыңыранып алып ескі көліктей әрең қозғалды. Мұнан баспалдақпен түскенім дұрыс па еді , мұның есігінің өзі әкімді күткендей біраз тұрып әрең жабылды. Ойыммен арпалысып шыдай алар емеспін. Әлгі көше сыпырушы көз алдымнан кетер емес , жүрісі тұрысы анау келіншекке ұқсайды.
Дәл де болса тап өзі соның , тапсырма деп шет жағасын айтты емес пе ?
Егер де әкеме бірдеңе болса мен де оны аямаймын , қаттыға барса тағы бір түрме көрермін деп келемін. Кеудемде қорқыныш бойымда үрей бар , уф деп барып тоқтады ау ақыры. Қане енді тез арада есігі ашыла қойса мынаның ?
Бұл сорлы лифт " дүңк " деп барып тоқтайды , онан жоғары қарай бір сілкініп алып , ойланып біраз тұрады. Сонан соң еңсесі жар бермейтін есек сияқты тұрып тұрып есігін ашады.
Құдай ай ашты дегенімше болмады , қарсы алдымда коляска итерген екі үш келіншек тұр. Орталарынан ұрып өтіп жүгіре жөнелдім. " Көзіңе қарамайсың ба қатын " деп соңымнан шулап қала берді.
" Кешіріңдер қыздар кешіріңдер " деп үйдің есігінен атып шықтым.
Сөйтсем , әкемнің көлігінің қарасы көрінбейді , демек , менің әкем дін аман , қалың көліктің қатарына қосылып кеткені анық. Әйтпесе анау жерде қадалып тұрар еді ғой.
Ал енді үстінде елден ерекше көк желеті бар әлгі сыпырушы қайда ?
Мен ол қатының қолына " әлденені " ұстап әкемнің көлігіне таяғанын көрдім ғой. Көргенде де сонау жоғарғы қабатта тұрып тас төбесінен көрдім. Әне сол қатын зым зия жоғалып кетіпті. Әлде , аялдап тұрған әкемнің көлігіне отырып алды ма екен ?
Негізі мұндай да қитұрқылар болады , қылмыс әлемінің айла тәсілдері көп.
Сондай тәсілдің бірін түрмеде жатып Зоя деген метис қатынның аузынан естіген едім .
" Көше сыпырып болып қарасам , қымбат көлік тұр екен , келесі бағдаршамға дейін , жеткізіп тастаңыз деп өтініш жасадым , өйткені екінші участогым алыстау еді. Сонда үстімдегі киіміме қарап алған жүргізуші " киімің жаңа екен , отыра ғой " деп қайырымдылық жасады. Өзім де сол күні жаңа желет киіп барғанмын. Сонда қарасам алдыңғы орындықта бірнеше пәшке ақша жатыр. Ақша болғанда қандай белі сынбаған көкпеңбек долларлар. Оны көргенде сау басыма арамдық келіп киліге кетті. Біз кейде қоқыс жәшігіне оны мұны кесіп тығатынымыз бар , себебі , жәшіктің аузын ашық қалдыруға болмайды . Оның ішінде қоқыс болсын болмасын үнемі жабық тұруы керек. Сол үшін қалтамызға кішігірім пышақ салып жүретінбіз.
Әне сол пышақ менің сорым болды. Қысқасы , дәу көлік жүйткіп отырып алдағы бағдаршамға жеткенде :
" Аға , бұл емес келесі бағдаршамға баруым керек еді , сол бағдаршамнан өтіп барып тоқтаңызшы " деп өтініш айттым.
" Жарайды " деген ағам маған мұрнын шүйіре қарады.
Сор қысайын десе қас қағым екен , межелі жерге жеткен көлік жол жиегіне тоқтайын деп жылдамдығын баса берді. Мен сорлы қалтамдағы пышағымды қыса түстім.
Әне , ақырындап барып тоқтаған көліктің жүргізушісі артына қарап үлгермеді оң жақ тамағынан үшкір пышақпен орып жібердім. Сол жерде қан судай атылып қырылдап қалды. Болары болды , енді бұл адам " өлуі тиіс " дегендей екінші үшінші рет сұғып - сұғып алдым. Көліктің алдыңғы айнасы қан боп қалды. Дереу отырғыштың арқасын түсіріп шалқалап жатқыздым да , ақшаны алып түсіп кете бардым. Оны қайда жасырдың десеңдер , қатап тұрған үш жәшіктің ортасындағыға жасырдым.
Содан не керек , әрі қарай учаскемді сыпырып кешке дейін жүре бердім. Әлгі көлік болса орнынан тапжылмай бір сағаттай тұрды , сонан соң ғана айналасына адамдар жиналып терезелерінен үңіліп жатты. Оның соңынан полиция мен жедел жәрдем келді. Мен болсам қан тамған үстімдегі желетті шешіп , қоқыс жәшігіне лақтырдым да жәмән пакетке ақшаны салып тайып тұрдым , бірақ , жәй кетпей жәшікті өртеп кеттім. Содан ертесіне ақ үш жыл мезі қылған ипотекам мен кредитімді төлеп жеңілдеп қалып едім , бірақ қуанышым алысқа бармады. Әрі қарай үш баламды балалар үйіне тапсырып , үйімді тәркілеген сот өзімді осында айдап жіберді. Міне сіңлім мен мұнда осылай келдім " деген.
Сол отырған түрмем жайлы айта берсем сұмдығы көп , мүмкін алдағы бөлімдерде айта жатармын.
Ал енді көз ұшында көше сыпырушы кетіп бара жатты. Сонда ғана жүрегімнің дүрсілі басылғандай болды. Анау кетіп бара жатқан сол қатын ғой деп қарап тұрмын.
Тоқташы қане , мынаның жүрісі " менің жігітімнің " жүрісіне ұқсайды екен деп қатты таң қалдым.
Мұндайда білгің келмей ме , көз ұшында кетіп бара жатқан келіншектің соңынан тарттым. Қорыққанға қос көрінеді деген осы болса керек. Сонымен жол жиегіндегі жолаққа түсіп аяңдай бердім. Сонда көз ұшындағы келіншек бірте бірте жақындай берді. Енді бір әуп десем қуып жетіп қапталдаса бермекпін.
Әй тоқта құрсын.
Соңынан қума , жолдың қарсы бетіне өтіп ал. Сонан соң басып озып өтіп алдағы бағдаршамнан қайта өтіп , жасырынып тұрып қарсы алдынан қара. Егер де бұл менің " жігітім " болса , онда әкемнің сурет іздеуінің керегі жоқ. Өйткені , ешқандай күмәнім қалмайды. Сол үшін жүгір Сәуле жүгір , тездетіп барып анықтап қара.
Осы ойымды қуып отырып , алдағы бағдаршамға жеттім. Онан жолдың қарсы бағытына өтіп , жүгіре жөнелдім. Құрғыр мына жол дегенің 8 жолақты үлкен жол кез - келген жерден әрі - бері өте алмайсың.
Демек , алдағы бағдаршамға дейін басып озу керекпін , сонда жүгірмей ше ?
Бірақ , сол күні мен қанша тырыссам да бәріне кеш болды , танып үлгермедім кеш қалдым. Өйткені мойнымды созып қайта - қайта қарай бергенімнен секем алды ма , әлде басқа ма әйтеуір қарсы беттегі " жігітім " кішігірім көшеге кіріп тар қуысқа қарай кете барды. Әрі бері сапырылсқан көліктердің арасынан мойнымды созып қала бердім.
Алайда менің осы оқиғадан кейін ешқандай күмәнім болған жоқ. Походкасы дейміз ғой , жігітімнің тап өзі еді. Тіпті қыпшабел ұзын бойы да сонікі. Тек басын бүркемелеп кепка киіп , маска тағып алыпты. Бұл енді кез - келген қылмыскердің жүзін жасырған түрі. Алайда , жол сыпырушылдардың бәрі шаң тозаңның арасында жүрген соң маска тағады , мұны да ескерген жөн.
Қап ай а , қырық минуттай қуып ұстай алмағанымды қарашы. Жалма жан телефонымды шығарып әкеме жазбақшы болдым. Бағана елес қапастағы арпалысқа түсіп жазуды ұмытып кеткен екенмін. Сонда көрсем , әкем вацапқа кіріп шығыпты , бірер минут болған. Демек былайша айтқанда , менің әкемде бәрі жақсы деген сөз.
Алайда қарапайым адам мұндайды түсінбеуі мүмкін , ол жағын ескерген жөн. Өйткені , әккі қылмыскерлер құрбандығының вацабына жазып отырады , оны да білемін. " Кеш барамын , ертең барамын , аяқ асты жолға шығып кеттім , тамақтарыңды жей беріңдер " деген сияқты сөздер жазады. Бұл дегенің өз кезегінде уақыттан ұтып қылмыстың ізін суытуға септігін тигізеді.
Мұндайдың да талайын естігенмін.
Ал енді сол күні үйге жетіп әкеме жаздым.
" Қарынды сипап жатқаным қызым " дейді.
Әкем үйге аман есен жеткен екен , бірақ , әлгі келіншек кім болды , анықтау керекпін.
Алайда оның қандай жолы бар , кімнен сұрасам болады ?
Ойлана беріп басым қатып кетті.
Дегенмен , көп жасамасам да көпті көрген қызбын ғой әлдене есіме түсе қалды. Содан жуынып шайынып есіктен шығып жапсырылған қағаздағы номерді тердім.
- Ало айта беріңіз , сізді " Сақшы қорғау агенттігі " тыңдап тұр , - дейді.
- Саламатсыз ба !
Мен мына көшенің бойындағы мына үйдің тұрғыны едім. Сұрайын дегенім біздің аула мен бағандарда тұрған бейнебақылау камералары жұмыс істей ме , соны білейін дегенім еді , - деп сұрадым.
- Айта беріңіз не боп қалды , - деп сұрады.
- Айта бергенде көлігімді сырып кетіпті соны көре аламын ба білгім келеді , - дегенім сол еді.
- Ее осыдан бір сағаттай бұрын қоңырау шалған сіз емес пе , айттық қой сізге бұл камералар әлі іске түскен жоқ , - дейді.
Міне осыдан кейін әлгі келіншектің тапсырмамен келгеніне күмәнім қалған жоқ. Демек, өтірік қоңырау соғып камераның жайын сұраған болып тұр.
Бірақ бұл дегенің нақты айғақ емес қой.
- Аға , сол қоңырау соққан келіншектің номерін маған айтасыз ба , айтыңызшы өтініш , - деп жалындым.
- Жоқ қарындас айта алмаймын, біреудің дерегін екінші біреуге беруге болмайды ғой , ол бізде арнайы заңмен қудаланады , - деген күзетші бергісі келмей қипақтап бастады.
- Мүмкін , менің көлігімді сырып кеткен сол кісі шығар аға , иесімен хабарласқысы келген шығар , айта салыңызшы өтінемін , - деп тағы да сұрадым.
- Жоқ , болмайды дедім ғой қарындас номер беруге болмайды. Ол үшін мені жұмыстан қуады. Мен ол кісіге де айттым , сізге де айтамын , полицияға шағымданыңыз көлігіңізді кім сырғанын солар анықтап береді. Біздің камералар іске қосылмағанымен үлкен жолдың бойындағылар істеп тұр , бірақ , олар бізге қарамайды сол жолполға қарайды , - дейді.
Сонда да әрі бері жалынып біраз тұрдым , қырсық күзетші бәрібір бермеді.
Ал енді менің түсінгенім былай болды.
" Көлігімді сырып кетті " деп осыдан бір жарым сағаттай бұрын , әлдебір келіншек қоңырау соққан. Әрине , мына күзетші оған да осылай жауап берген яғни камералар іске қосылған жоқ деген. Демек , енді ол менің әкемді осы жерде аңдиды. Походкасын таныдым , жүріс тұрысы мен бойына дейін тап өзі. Таныдым мен таныдым. Біздің аулада ешқандай көлік сырылған жоқ. Демек оған да білу керек болды , ол да өтірік қоңырау соқты. Тіпті соққан санатына дейін сәйкес келіп тұр. Сондай ақ мен де өтірік қоңырау соғып тұрмын , менікі де сол сарында " көлігімді сырып кетті " дедім.
Рас ау , біздің екеуміздікі де өтірік пе өтірік , ұқсас па ұқсас , мотивіміз бірдей ме бірдей ?!
Неге дейсіздер ме ?
Неге десеңіздер ол екеуміз бір түрмеде отырғанбыз. Ол екеуміздің статьямыз да бірдей болған. Ол да бір отбасынан екі адамды өз қолымен арғы дүниеге аттандырған келіншек.
Менің де оңып тұрған жерім шамалы , үш бірдей бозбаланың қанын мойныма алғанмын.
Керек десеңіз , мен оның қай жерінде қандай татуаж бар , қай жерінде қал бар бәрін білемін.
Бірақ біздің қылмас әлемімізде " мое дело правое " деген ұғым бар , мен әкем үшін права болсам ол ақша үшін. Есектің артын жусаң да мал тап деген. Біз үшін Құдайдан қорқу деген жоқ , Құдайың үшінші орында. Біз үшін бірінші орын " авторитетің намысың " болса екінші орын " шындығың , шыншылдығың ". Мен онан қорықпаймын , ол отырған 13 жылдың 3 жылын мен де отырдым. Ал түрме тіліндегі " жаргон " дегеніңді жаттап алғанмын. " Сучара " деп бір ауыз айтсам бітті , ауыр қылмыс жасап түрмеде отырғанның бәрі мені түсінеді.
Сонда маған не қалды , жұмысыма барайын бірнеше клиент қоңыраулап бастады.
Сол жерде көлігімді қыздырып қозғала бердім.
Жүйткім отырып ойланып келемін.
Сірә деймін , сол келіншектен " құпия болмаса айтшы қандай тапсырмамен жүрсің " деп сұрасам болмай ма ?
Мүмкін , ақтарылып отырып айтып салар ?
Әй қайдам бірақ айтпауы да мүмкін ғой , себебі , анау мынау емес қомақты ақшаға келісім бар ғой.
Егер айтатын болса , айтып қойып өзі қолға түссе , соңынан менің сатқанымды білсе , онда маған түрме заңымен " труп " деген үкім шықты дей - беріңіз.
Әрине , ондай үкімді қандай қылмыс жасасаң да прокурор сұрамайды , сот шығара алмайды. Ондай үкімді түрмеде отырған " пахан зона общакта сөйлеп " шығарады. Құдай сақтасын , ол үкім шықса құрығаның .
Түрмеде отырып мұнда жүргендерге бұйрық береді , үкім күшіне енеді , яғни түрмеден келген түрмешік сенің көзіңді құртады.
Ол содан құтылса құтылғаны , қолға түссе түрмеге барады. Ал егер түрмеге барса , ол адам "паханшаның " оң жағынан орын алады. Өйткені , паханның үкімін орындап , бостандықты түрмеге айырбастаған авторитет боп саналады.
Мейлі ол қай түрмеге барсын , елдің іші , орта Азия тіпті Ресей түрмесіне барса да авторитетке ие боп қалады.
Айта кетейін , мұндайды білетін түрмені сатқандар , көбінше елден қашып басқа елде жасырынады. Ал кез - келген қылмыскер , қай елде қылмыс жасаса сол елдің түрмесіне жабылатынын білесіз. Бірақ жоғарыда айтқанымдай мына жақтан " бұйрықты орындады " деген хабар барады , бітті , ол адамды төбесіне қояды.
Қысқасы , сатқындарды іздеп барып басқа елден тауып өлтіретіндерінің сыры осында жатыр.
Білетін шығарсыздар , бөтен елде өлген біздің қылмыскерлер өте көп.
Ал енді сол күні менің жұмысқа қолым бармады. Бұл дегенің өте қиын әкеңді өлтіргелі жүрсе қайдағы жұмыс ?
Анау " жігітіме " қоңырау соққым келген бірақ күдік бола ма деп үндемедім.
Себебі , болашақ құрбандығы менің әкем екенін ол білмейді емес , біледі. Мұндайда егжей - тегжейлі бәрін тексереді.
Тіпті , аптаның қай күні қайда барады, неге әуес , монша ма , сауна ма бәрін біледі.
Қызға әуес қатынқұмар еркек болса , момент құриды. Себебі , қыз болып танысып бауыздай салады. Оған себеп , қызға баратын еркек ешкімге тіс жармайды , керісінше көзден таса боп жасырын барады. Бұл деген қылмыскер артын жабуға көмектеседі.
Айта берсем көп қой , онан да " әкеме араша болайын " деп сол күні тағатсыздана қоңырау күттім. Алайда " жігітім " тым тырыс болды не қоңырау соқпады не вацапқа жазбады. Осыдан ақ оның мені көріп қалғаны белгілі еді. Тап осы көрді деп нақты айта алмасам да ішкі түйсігім солай деп жүрді.
Сөйтіп отырғанда күн кеш болды.
Сол күнгі жұмысым " той той болмады , бала шаға жеп кетті " дегендей болды.
Себебі ештеңеге зауқым соқпады. Соңында бір кесе сорпа ішіп , төсегіме құладым.
Сөйтіп отырғанда сағат тілі біразға барды.
Шынымды айтайын , мен оның қашан болмасын хабар беретінін біліп жаттым.
" Қалайсың " деген хат келді.
Оны оқығанда жұмыр жүрегім дүрсілдеп барып басылып :
" Мен жақсы , өзің қалайсың " деп сұрадым.
" Бір рет мойын бұрсаңшы " деп жалынды.
Мына сөзіне арам ойым жылт беріп:
" Мақұл , қашан " десем.
" Бүгін десең бүгін жаным " дейді.
Сонда да сыр бермегендей болып:
" Бүгін кеш болып кеткен жоқ па " дедім.
" Кеш емес ертең саған демалыс қой " деп дүңк еткізді.
Ойбай айтпадым ба әне , ертең дүйсенбі қаладағы Сән салондары жұмыс істемейді.
Себебі , дүйсенбі ауыр күн , бұл күні клиент болмайды , мына " жігітім " оны да біліп алған.
Дегенмен " шешінген судан тайынбас " дейді , барайын , мекен жайыңды айт " деп сұрадым.
" Қазір " деген жігітім біразға дейін жоқ болды.
Сонда қайда кетті десеңіздер айтайын , бұл пәтер іздеп жатты. Анау пәтерге мені апармайды , рисоваться ететін ақымақ емес.
Рас ау жоғалған жігітім он минутта қайта оралып :
" Пәлендей көше , пәленінші пәтерге кел " деп жазды.
Оның соңынан " душқа кіріп кетіп ем " деп пәтер іздеген он минутын жуып шайды.
Ол аз десеңіз " бүгін доминирующий өзім боламын жаным " деп сөзді бұрып әкетті.
Бұл дегені , ол бүгін жігіттің рөлінде болады , яғни төсекте жігітім болып менің қалауымды жасайды деген сөз.
Мұндайда ки деген нәрсеңді киеді , сүй деген жеріңді сүйеді , ти деген жеріңе тиеді ... әрі қарай түсінсеңіздер керек!
Түрмеде бұл жоқтан жоғары жетістік.
Қысқасы мен бейбақ сонда орнымнан тұрып киіне бастадым. Онан ас бөлмеден кішігірім пышағымды алып сөмкеме жасырып жолға шықтым.
Ал арадан көп өтпей айтылған мекен жайға жетіп. " келдім " деп жаздым.
" Оң жақтағы үй астында Дәріхананы көрдің бе " деп сұрады.
" Ия көрдім " Ваш доктор " деп жазылып тұр дедім.
" Ендеше " Оk , I Love " ала саларсың дейді.
Бұл крем өзіме де қатты ұнайтын , орташа біреуін алып кіріп бардым.
Құшақ жая қарсы алған жігітім жабыса кетті.
Әрі қарай... әрі қарай аймаласу мен аңдысу қатар басталды . Бұл дегенін түк емес қой онан әрі " өмір үшін " арпалысу тұрғандай көрңнді ...
( сегізінші бөлімнің соңы , жалғасы бар )



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу