07.06.2024
  267


Автор: Ғани Бейсен

Түрмеден келген қыз - 6 бөлім

Сол күні жігітімді күте - күте іңір үйірілгенде үйге қайттым. Бір рет қоңырау соққан болдым , алайда " кейін " деген жігітім тұщымды жауап бермеді. Кейін десе қолы босағанда хабарласар деп алаңдап отырып екінші рет қоңырау соқсам:
- Анамның әлегімен жүрмін,кейін сөйлесеміз , - деп өшіре салды.
Енді мұның нағашысы ма бар емес пе содан сұрасам ;
- Иә анасының әлегімен жүрсе мазаламасай,оған да оңай емес қой , - дейді.
Құдай-ай мен сорлы қандай адамдарға тап болдым осы ?
Бұл екеуінің сөзін тыңдасам бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай тіпті.
Анаусы анау десе, мынаусы мынау дейді.
Бірақ жігітім " анам үйге шыққан соң таныстырамын " деп уәде беріп кеткен.
Бұл енді мендегі 900 долларды алғанша айтылған әңгіме еді.
- Жан , мамаң аман- сау шыққан болса мекен-жайыңды жазшы , барайын,- деп жаздым.
- Мамамның денсаулығы жақсы емес , кейін , - деген жауап келді.
Міне осыдан кейін мен кәдімгідей ойлана бастадым , маған бүгін ес кірді, тап осы сәттен бастап ес кірді.
Орысша айтқанда олардың екеуі де " подозрительно " бірдеңе боп кетті.
Білесіздер ме , сол күні мен оны он рет бұғатқа салып қайта шығардым .
Бір қызығы , өзімнің алданып жүргенімді біле тұра бұғаттан қайта шығарамын.
Онан көп өтпей қайта тығамын, әйтеуір өзімнен өзім қобалжи бердім.
Қысқасы азаннан кешке дейін вацабына жүз қарадым десем өтірік емес , қайтейін, үмітім үзілмей қойды.
Ал енді ертесі де хабар болмады , оның ертесі де тым - тырыс болды.
Осылайша " анамды үйге шығарсам , сені апарып таныстырамын " деген жігітім із- түссіз кетті.
Сөйтіп , бас- аяғы бес мың долларым көкке ұшты. Сонда ғана мен бейбақ оңбай алданғанымды білдім.
Алайда мұндай сорлылығымды кімге айтайын ? Әкеме айтып миын ашытып не керек ? Анама айтып қан қысымын көтеріп ол да дұрыс емес.
Жоқ бұл менің ішімде қалады , болды. Мен мұны ешкімге айтпаймын, тек сол жігітке "бақыт тілеймін" дедім.
Сөйтіп жүргенде арадан біраз күндер өтті. Жұдырықтай жүрегімдегі жан ♡жарам жазыла бастады , өйткені анау жігіттен күдерім үзілгендей болды.
Содан әупірімдеп жүріп әрең дегенде басымды көтеріп " барлық жамандық сонымен кетсінші " деп қолымды бір сілтеп, жұмысыма кірістім.
Бір күні анау " жігітіммен " сөйлесіп отырсам құрбым жазып, хал сұрап тұр.
Өткенде , жігітім жоғалғанда бұл қыздан да сұрап жазғанмын, " анасының қамымен жүгіріп жүр ғой , мазалай берме " деп селқос жауап берген.
Сонан соң бұғаттап қойған едім.
Сол үшін " бұл қайдан жазып тұр " деп таң қалдым. Әй мен мұны бұғаттап қойғандай едім ғой деймін ? Әлде , шығарып қойып па едім , есімде жоқ ?!
- Аллаға шүкір жақсымын , айта бер , - десем ;
- Жігітіңе көңіл айтпапсың , ренжіп жатыр , - дейді.
- Аа , анасы қайтып па еді , иманды болсын , - деп таң қалдым.
- Сол ғой апамыз қайтып бауырым жетімсіреп қалды , - деп анасының көп ауырғанын айтты. Онан жақсылықтарын жіпке тізіп шықты.
Ал енді мұндай сөзден кейін сенбей көріңіз , бұл қыз маған бір қоңырау соғып сөне бастаған үмітімді қайта үрлеп, тұтандырып жіберді.
Мұншама аңғалдығыма осы күні таң қаламын. Сонда , кәдімгідей қорқып қалып өзімді өзім кінәлап бастағаным бар. Мен жынды неге бұғаттап қойдым екен деймін. Көңілім жұмсап , аяп кеттім ғой . Өзі анасынан айрылып, қабырғасы қайысып жатқанда менің істегенім жығылған үстіне жұдырық болған шығар ?
Сонан бері өкпелеп жазбай қойған шығар, әйтпесе іздеп келемін десе салонымды біледі ғой ?
Кешір жаным кешіріңдер !
- Құрбы , жанчикке сәлем айта баршы, ренжімесінші , - деп жуып шайдым.
- Мұндайда " сәлем " айтпайды , қоңыраумен болса да " көңіл " айтады құрбы , - дейді.
Осыдан кейін мен бейбақ тілден қалдым.
Рас ау " көңіл айту " деген біздің қазақта бұрыннан бар ғой. Бір ауыз " қаза қайырлы болсын " деп айту парызым еді ол да қолымнан келмегені ме ?
Мен осы соңғы кезде қатты адасып жүрген сияқтымын. Баяғы қантөгістен кейін бірде бір құрбыммен араласпай қалдым. Қыздар түгі жігіттер жағы да менен безіп кетті . Онан келіп " қанішер көкжал " деген атақ алдым. Соңғы кездері бизнестегі тасым өрге домалап бастағанда сол құрбылардың бір екеуі хал сұрап бастады. Бірақ бәрібір бұрынғыдай болмайды екен байлары қарсы дейді.
Әрине , олар еркектер , еркектерге еркекті өлтірген қыз қашан да жаман. Біздің қазақтың бір әдеті " өзінен бірдеңе болған шығар " дейді. " Көзін қысып қышынған шығар " дейді. Тым болмаса баяғы заманның " құнажын көзін сүзбесе , бұқа жібін үзбейді " деген мақалы ма , мәтелі ма соны тықпалайды.
Сайып келгенде әйтеуір қызды кінәлай береді. Алайда , анашаға тойып алып масыққан жігіттер ешқандай қызды " қарындасым " деп қарамайды , бұл да етенеден белгілі.
Оларға қыз болса болды , бас салып зорлап - зорлап өте шығады.
Мұндайда іштей тынып тұншығып жүресің. Сол тұншыққаным тыншығанда , құрбым әлгіндей сөз айтты , демек , өзім қоңырау соғып көңіл айтуым керек деп ойладым.
Сонымен күйбең тірлік бірі келіп бірі кеткен клиенттер баршылық. Әсіресе сабақ басталарда салонның жұмысы қайнауы керек. Бұл шілденің ортасы болатын.
- Сәлем жаным , анаңның арты қайырлы болсын , естімеген едім , - деп қоңырау соқтым сол күні кешке.
- Сәлем сәлем , барсың ба өзің , - деп сайрап берді.
- Кешір жаным естімеген соң ... деп кешірім сұраған болдым.
- Иә жан сонша жүгірдім сонша жерге көрсеттім , елу тоғыз жасында кете барды ғой анашым , - дейді.
Әрі қарай күнделікті тыныс тіршіліктің әңгімесі басталды. Ананы мынаны сұраған болып :
- Есеңгіреп басымды көтере алмай қалғаным , - дейді.
- Өзіңді бас жаным , өлгеннің артынан өлмек жоқ деген тірі адам тіршілігін қылады , - деп күбірледім.
- Иә жаным айтқаның дұрыс қой , тап қазір қайдасың , - деп сұрады.
- Тап қазір салонның алдында көлікте отырмын , - десем :
- Мынандай жерге келші сағындым , - дейді.
Мұндайда " жазған құлда шара бар ма " жарты сағатта жетіп бардым. Тіпті салондағы соңғы клиентті шаштараз қызға беріп , құлыптап кетуін өтіндім.
- Қатты сағындым жаным , - деп құшағына тартты.
- Мен де , - деп тығыла түсіп едім, ерніме сүлікше жабысып сумаңдаған қолы төменге жетті.
Ақымақ басым өзім кешірім сұрап тұрмын ғой сонда.
- Жан , көлікте ұят , - деймін құлағына сыбырлап.
- Пәтерге тиын болмай тұр , - дейді ентігіп.
- Үйің ше , үйің бар емес пе , - деп сұрап үлгердім. Өйткені осы" төсекті " сылтау ғып үйіне барып көрсем деген ойым болды. Бір жылға жуықтады үйін көрген емеспін оның үстіне , бұл маған " күмәнді " балаға ұқсай бастаған
Алайда бұл , онан да сытылып кетті.
- Анамның сүйегі кеппей жатып үйде кездескеніміз дұрыс емес , Құдайдан қорқайық , - дейді.
Сонан соң екеуміздің осы жүрісіміз дұрыс емес екенін некесіз қатынас күнә болатынын алға тартты.
- Ендеше мешітте болса да некемізді қидырып қояйық , - деппін мен бейбақ.
- Иа жаным , мен де соны ойлап жүрмін бірақ болары болды ғой , тиын болса пәтерге барайық , қатты сағындым ,- дейді.
Қысқасы бұл мені тағы да алдап ұрды.
Пәтерге апарып аяғымды аспаннан келтіріп қос құлағыма " сырға ілдірді ".
( мына сырға ілдірді дегені құлағына сырға салу емес , бұл төсектегі әрекеттің бірі )
Міне осыдан кейін менің " мешітке қашан барамыз " деген сұрағым көбейді.
Ол болса әне - міне деп жүріп алды.
" Аз қалды ғой , анамның қырқы өтсінші " деп бір соқты.
Онан " үйіме күрделі жөндеу жұмыстарын бастадым , соны бітірейін " деп тағы жүрді.
Бірге жөндеп аламыз десем, үйленсек сенің туысқандарың келеді , солардан ұяламын. Жалпы сені үйіме әкелмей жүргенімнің де сыры осы , үйім тозып біткен дейді.
Ұзын сөздің қысқасы бұл жігіт мені шыр айналдырды. Оның арасында ұсақ-түйек ақша бар оны айтпай-ақ қояйын.
Мұныңыз енді " қыз құлағымен сүйеді " дегендей болды да тұрды.
Сөйтіп жүргенде тамыз жетіп клиент көбейді. Онан көп өтпей мектеп басталды.
Осы үш айда анау жігітім де бірнеше рет соққан. Оның өз білгені өзінде , әлдебіреудің соңын аңдып жүр. Реті келсе көзін құртып жіберіп түрмеге кіріп кете салады. Сөзіне қарасам алты ай свободаға шыққан. Қалай айтсам екен " шыққан " деп шыққан емес , келісіммен шығарған.
Ол қалай десеңіздер айтайын , түрмеде отырып " құпия заказдар " алады. Әрине бәрі емес , қолынан келетіндері алады. Сонан соң келісіммен свободаға шығып , " тапсырманы орындап " түрмесіне қайтып барады.
Нәтижесінде , өлтірген адам ешқашан табылмайды , қылмыс ашылмайды. Себебі , қағаз жүзінде ол адам түрмеде отыр !
Мына жақта " кім өлтірген , қалай өлтірген " деп сіз бен біз аузымыз ашылып отыра береміз , полициямыз іздей береді.
Біздің " былықбайлар " тап осылай өмір сүреді. Бәсекелестен бизнес тартып алу , болмаса жасанды апатқа түсіру , бәрі - бәрі де осындай жолмен жасалады. Олардың арасында қомақты ақша жүреді , бір сөзбен айтқанда бәрін ақша шешеді.
Ал қылмыскер 6 ай бостандықта жүреді бірақ бөтен қалада жүреді. Ақшасы төленеді , пәтері мен ішіп жейтіні бәрі төленеді. Осы алты айда жертваны жан жақты зерттейді , қолайлы сәтті күтеді.
Тапсырманы орындаған күні түрмеге кіріп ізін суытады. Алайда мұндайдың минус тұстары да жетерлік. Мысалға қылмыс ашылатындай қауіп болса , түрмедегі " әлгінің " көзін құрта салады.
Бұл дегені " сенің мына өмірдегі миссияң аяқталды , ғұмырың бітті " деген сөз.
Әрі қарай несін айта берейін , бір күні ойда жоқта өзімнің жігітім келіп қалды. Айттым ғой , маған анау " жігітім " де келіп - кетіп жүрген , бірақ онымен арамызда ештеңе болмаған. Әйтпесе , бүгін де ол маған қиыла сөйлеп қипақтап көрді , бірақ " болмайды " дегенімнен әріге бара алмай үнсіз отырды.
Ал әріге бара алмағаны , бұл жер оған түрме емес , өзі " құпия тапсырмамен " келген соң , оның " косяк "жасауына мүлдем болмайды. Егер де мен байбалам салып полиция шақырсам , біраз былықтың беті ашылып біраз адамның басы кетеді. Бұл деген сөз , мұның да басы кетеді деген сөз.
Сол үшін бұл " жігітім " тып - тыныш қана , өзімен өзі жалдамалы пәтерде өмір сүріп жатты. Бірақ , мен оның осы қалаға келгенінен-ақ , болашақ " жертвасының " біздің қаладан болатынын " Әу " баста түсінгенмін.
Бүгін сол келіп " түрмеден мен үшін ақша төлеп шыққанын , мені қатты сағынғанын , бір өзі пәтер жалдап тұратынын , уақытым болса бас сұқсам болатынын айтып отырғанда , үстімізге өз жігітім кіріп келді.
Мұның сорақысы сол , бірін- бірі көргенде екеуінің де көздері аларып түстері суып кетті. Демек мына жерде бір кәкір бар дегенімше болмады , мені тысқа шақырған жігітім:
- Бір жерге бара жатқанмын , срочно үш мың теңгедей ақша керек еді , - деп алақанын жайды.
Бұл не айтса да мен үшін бұйрық болғаны қашан , сезіммен соқыр болғанмын қолына ұстата салдым.
- Рақмет саған , - деген жігітім , сол жерде тайып тұрды.
Бұрынғыдай құшақтап та отырмады бетімнен де сүймеді , зым-зия болды.
Мен бейбақ сонда ғана көрдім , іштегі жігітім терезеден үңіліп тұр екен.
Демек , мына қатыннан біраз нәрсе сұрауым керек , әйтпесе неге түсі бұзылып кетті деп ойладым.
Бірақ " не сұраймын , неден бастаймын " деп отырып , басыма мынандай ой келді.
- Мен сізді түсінемін , сағынғаныңыз рас болса пәтеріңізді айтыңыз , қолым босағанда бас сұғармын , - дедім.
Құдай-ай қайдан ғана сұрадым десейші , менің әкемнің үйіне қарама-қарсы мекен- жайды айтқанда ыршып түстім.
Себебі білем ғой , киллерлер құрбандықтың үйіне жақын жерден пәтер жалдайды. Сөйтіп күндіз-түні бақылауға алады. Үйде кім бар кім жоқ , қашан кіріп шығады және де қанша адам кіріп шығады , бәрін зерттейді. Сонан соң қолайлы сәтті тауып көзін құртады.
Ойбай тоқташы сен қыз !
Саспа енді , бірақ мұқият бол , абайла жаным.
Сен енді мына қатынмен связь ұста , басқа жолы жоқ. Өйткені , бұл қатын " құпия тапсырмамен " сенің әкеңе келді!
Әйтпесе ол жерде менің әкемнен басқа , қолында билігі бар мансапты адам жоқ қой.
Сол күні өзімнен өзім үрейленіп қорқып әкемнің үйіне қарай жүйтки жөнелдім...
( алтыншы бөлімнің соңы , жалғасы бар )



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу