Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
07.06.2024
229
Түрмеден келген қыз - 4 бөлім
- Пәленкес көрінбей кетті , - деп сыбырладым шәйға келген құрбыма.
- Мамасы қатты ауырып жатыр еді соған алаңдап жүрген шығар , - дейді.
Онан әрі , қандай аурумен ауыратынын , көз көргеннің бәрі қол ұшын созып көмектесіп жатқандығын айтты. Онан өзі де екі айлығын жаздырып көмегімен деп бергенін айтты.
- Ендеше мен де қолымнан келгенше көмектесейін , бәрі көмектесіп жатқанда менің қарап отырғаным ұят шығар , - дедім.
Құрбымды Құдай өлтірсін ба ?
- Иә , жағдайың бар ғой , науқасқа көмектессең сауап болады , - депі әрі қарай итермелей түсті.
Бір қызығы осы әңгімемізден кейін ертесіне ақ менің жігітім пайда бола қалды. Мен бейбақ сол баяғы аңқау сенгіштігім ештеңе аңғармаппын. Керісінше жігітім қайтып оралғанға құшағына құлап қалтасына ақша тықтым.
Мүмкін , мұны аңғалдық деуге де келмес , негізі " сауап болсын " дегенім еді. Өйткені , үш бірдей жігіттің қанын мойныма жүктеп жүргенім өзіме аян ғой.
Мұны тек басынан өткізгендер ғана біледі.
Қанша жерден " өздері кінәлі " дегенмен адамның жанын алу дегенің сұмдық нәрсе. Тіпті , тауығыңды жеп маза бермеген итті сойып көріңіз. Бұл жүйкең мен жүрегіңе түскен ауыр салмақ. Үнемі өзіңді өзің іштей жеп қатты күйзелісте жүресің. Сол үшін аздап жылы сөйлеп күле қараған адамға тез бауыр басасың. Міне , мына жігітпен де мен бейбақ сондай халге жеттім. Өзі аққұба әп - әдемі , оның үстіне жылы - жылы сөйлейтін тәтті тілі тағы бар. Айта кетейін , тап осы жігітке 3 мың доллардың көлемінде ақша беріп ем. Бұл , сол кездегі 550 мың теңге шамасында болатын.
Мұны естіген жүрт нағыз далбаса бұл дейтін шығар ау , анау түрмедегі келіншекті былай ысырып қойғанда , етегімді еркіммен көтерткен жалғыз жігітім осы болса қайтейін ?
Сонымен " анамды Астанаға алып ұшамын " деген жігітім ақшаны алып тағы да жоғалды.
- Құрбы жігітім хабарсыз кетті ғой ,тыныш па , мамасы қандай екен , - деп сұрағанымда ;
- Ақша бергенің жақсы болыпты , Құдайға да берсең жағасың деген ғой , бұл үлкен сауапты іс , - деген құрбым келіп - кетіп хабарын беріп жүрді. Жігітім болса анда - санда қоңырау соғып хал сұрайтын.
Мен сорлы оған:
- Менде бәрі жақсы жаным , өзің қалайсың , мамағэңның жағдайы қандай , - деп безек қағамын.
- Жақсы жақсы , беті бері қарап келеді , - деп зыпылдайды келіп.
Қысқасы " бірін айтсаң бәрін айт " дегендей , ағалы қарындасты екеуі мені біраз жерге сүйреді. Адамның аласы көрінбейді , өйткені ішінде деген осы екен. Сол кеткен үш мың көк қағаз түк емес еді , бір күні келген жігітім :
- Анамның жағдайы нашарлап барады , " көзім тірісінде үйлен " деп отыр , - деп тағы жыламсырады.
- Онда мамама бір ауыз айтайын , -деппін.
- Жоқ жаным айтпай қоя тұршы. Мамам әрі - бері боп қала ма деп тойдың күнін белгілеуге қорқып тұрғаным , сол үшін қазірше мамамаға да , папаға да айтпашы , - дейді.
Мен сорлы осы сөзге де сендім. Себебі , сап сау тірі адамды " ауру " деп ортаға салып ақша алады деп , ешкім де ойламаса керек .
Қысқасы , менің қалтамнан ұсақ - түйекке ақша кете бастады.
" Анандай дәріге жетпей жатыр , мынандай дәріге жетпей қалды " деп мүләйімсіп қоңырау соғады , онан көп өтпей салоныма келіп отырып алады.
Сонда бір ақша сұрап келгенінде :
- Жаным ау сен өзің жұмыс істейсің ба , - деп сұрадым.
Шынымды айтсам , мен осыны қорқа қорқа әрең сұрадым. Себебі , анасы ауырып жатқанда мұндай сөз көңіліне тиеме деп қорықтым.
- Анам ауыр халде жатқанда қалай істеймін , анама қарайтын адам жоқ қой , - дейді төмен қарап жер шұқып отырып.
Мұндайда сөзден кейін сенбей көріңіз ?
Ол өзі сен ұнатып жүрген жігіт болса , саған үйленеміз деп үміт беріп қойса. Сондай ақ , бай мен қатын стяқты бір төсекке жатып жүрген болсаң. Үміттің ұшқынын үрлеп , тұтатып қойғаны тағы бар.
Мен сорлы сенбегенде қайда барайын ?
Қысқасы бұлар мені мың айналдырды. Әйтеуір алақан жайып ақша сұрап шаба берді , шаба берді. Сөйтір бір айналдырғанда шыр айналдырды. Былайша айтқанда " құрыққа ілді " дегені осы екен. Соңында қарындасы екеуі екі жағымнан жәукемдеп бастады.
Мен сорлы сонда ғана әлденені аңғарғандай болдым. Шынымды айтайын мына біздің аймақты ешкім де жақсы айтпайды. Қай аймақ екенін айтсам , осы жерде қақ жарылып қырқысып шыға келесіздер. Онсызда біздің облысқа жақсы ат жоқ. Не шықса да сол жақтан шығады деп жазып бастайды. Рас ау , әсіресе біздер жақта әртүрлі қитұрқылар бар. Мұнда биліктен бастап , сонау төмендегі шөпкетышарларға дейін, бірінің аяғынан бірі шалып жығып жатады. Әйтеуір , бірінің орнына бірі таласып , бірінің үстінен бірі жазған арыз көп. Құдай сақтасын мұндайдың соңы жоқ тоқтамай кетіп отырады. Бір сөзбен айтқанда , өссең көре алмайды өшсең тіпті өлгеніңе қуанады.
Бір күні мені жеке шақырып алған әкем;
- Қызым , сен мені кешір осының бәрі менің кесірім ау , - деп құпиясымен бөлісті.
- Ойбай сіздің мұнда не қатысыңыз бар әкешім , - деп таң қалдым.
- Бары жоғын нақты білмеймін қызым , бірақ анау жаралы жігіттің әкесі кезінде менімен өштескен еді , - дейді.
Мына сөзден кейін аңтарылып біраз тұрып :
- Сол әңгімені қозғамаңызшы , есіме түсіргім келмейді , - деп жылап жібердім.
- Болды қызым болды , әйтеуір сақ болып жүрші деп айтып жатқаным ғой , жылама , - деген әкем басымнан сипап отыра кетті.
Қайтейін , қалай қылайын ? Сол күнгі сұмдықты осы күні де есіме алғым келмейді. Шыбын жанымды шырқыратып қорлағандарына , өрімдей жап - жас жігіттерді , шеттерінен бауыздап тастадым. Әрине, олар қатты мас еді оның үстіне қараңғы коридорда қолымда тұрған пышақты көрмеді. Сол үшін ол сорлылар алаңсыз келіп , бірі шашымнан бірі мойнымнан , бірі белімнен ұстап сүйрелеп арпалыса бастады. Сонда , мыналар мені тағы да зорламақшы деп қатты қорыққан мен бейбақ , бірінен кейін біріне қолымдағы пышағымды тығып ала бердім.
Тырдай жалаңаш денелеріне үшкір пышақ кіріп шыққанда ғана кеуделерін ұстап құлай берді. Ал анау соңғысын " куәгер қалмасын " деген оймен , әдейі бауыздаған едім.
Әрі қарай несін айтайын , істі болып сотталып сонда жүріп қатынға қатын болдым.
Ал енді мына әкемнің сөзінен кейін менің миым жайлап жұмыс жасай бастады. Әкемнің жан дегенде жалғыз қызымын ғой аяғынан шалдырамын ба ? Алайда менің түсінгенім анау екеуінің де қатысы бар болғаны ғой сонда ? Олардың жүріс тұрыстары қызық өзі. Анау анаған '' айтпа " дейді , мынау мынаған " айтпа " дейді . Анау екеуі деп ақша сұрап көмегімді беріп жүрген жігіт пен құрбымды айтамын.
Міне , мен енді сол екеуінен күдіктене бастадым. Өйткені , екеуінің де соңдары сұйық жұмбақ жүретін біреулер екені байқала бастады.
Е сорлы қыз бұл екеуіне қайдан ғана жолықтың екен деймін іштей тынып ?! Қайтейін , өзім араласатын құрбыларым қалмаған соң , осы қызбен достасып сенім артып едім.
Мына қызықты қараңыздар , сөйтсем бұл қыздың да өзінің жеке " сұлулық салоны " бар екен.
Әсте менің аяғымнан шалуға келген шығар ?
" Бизнестегі бәсекелестік " дегенді ешкім жоққа шығарған емес , ол барлық жерде бар. Сонда мен мына қызға тікелей бәсекелес болып тұрмын ғой. Қысқасы , кешегі әкемнің сөзінен кейін қатты ойлана бастадым. Өйткені , әкем астарлап сөйлеп " айылыңды жый қызым " дегендей қылды. Демек , ашып айтуға өзі де қорқады немесе қызым қорқып шошиды деп қорқады. Сонда менің әкем нені меңзеді екен , әйтеуір " сақ жүр " дегендей сөз айтты.
Құрсын , Құдай да " сақтансаң сақтаймын " деген , енді сақтану керек!
Қазақ " сақтықта қорлық жоқ " деп бекерге айтпайды.
Бірақ , соның бәріне кеш болған сияқты ма қалай өзі ?
Енді мен кеш болса да есімді жидым. Содан қанша сұраса да , анау жігітке ақша бермеймін деп шештім. Төсекке тартса барып , ақша сұраса беріп соншама қадірсізбін ба ?
Бермеймін дедім ба бермеймін бітті бәрі.
Менің осы аяғымды тартқалы жүргенімді сезсе керек құрбым жиі - жиі хабарласып хал сұрайтынды шығарды.
- Өзім барып анасын көргім келеді ,- дедім.
- Ол кісі больницада жатыр , қалай көресің , - деп сөзді бұрып әкетті.
- Тым болмаса телефонмен сөйлесе алатын шығар , - десем;
- Жарайды, мен оған мамаңмен сөйлестір деп айтайын ,- деп қоя салды.
Осыдан кейін бұл жігіт менен аяғын тартты. Бұрынғыдай ұсақ түйекке деп ақша сұрамайтын болды , сұрамақ түгі келмейтін болды.
Сонда бұл менің аңқаулығым ғой , өзім айтсам болады ғой осы сөзді.
Мен болсам арамызға құрбымды тығып , айтатынымды соған айттырып жүрмін.
Сөйтіп жүргенде арадан бір айдай уақыт өтті. Сонда ғана зым - зия болған жігітім қайта көрінді.
Бұл енді бұрынғыдай алақан жаймай құшағын гүлге толтырып келіпті.
Мен бейбақ сол жерде өткеннің бәрін ұмытып жібіп сала бердім.
- Мен саған үйленсем деп жүрмін , тойдың күнін өзің айтшы , - дейді.
Не айтарымды білмей сасып қалдым.
- Қазірше ешкімге айтпай ақ қой , тек мына күнге деп маған айтсаң болды , сонан соң екеуміз отырып талқылап ағайын туысқа бірге айтамыз , - деп кете барды.
Бір қызығы бұл осы келгенде ақша сұраған жоқ , және де науқас анасы жайлы бір ауыз сөз қозғаған жоқ.
Соңында " анаң қандай " деп өзім сұрағананымда :
- Анам жақсы , беті біршама беріп қарап қалды , енді маған көзім тіріде үйлен деп қоймай отыр " деді де қоя салды.
Мына жігітке сенейін бе жоқ па ?
Осы сезім дегенің түсініксіз бірдеңе екен , салқыны соққан сиқыр сияқты.
Жақсы көріп тұрған соң сөйлеген сөзіне сене саласың. Тіпті сенгің келмесе де өзіңді өзің сендіріп тұрасың.
" Жан мен айтуға ұяламын , тойдың күнін өзің айта ғой " деп жаздым ертесіне.
" Жарайды , маманы соңғы химиясына апарып келейін сонан соң айтамын " дейді.
Айтқандай, осы химия дегенді бәріміз естіп жүрміз ғой , бұл өте жаман ауруға салынатын соңғы шанс. Мұның нәтижесі елу де елу деген соңғы үміт. Не қаласың не кете барасың . Осыдан он жылдай бұрын әкемнің қарындасына салған мұны. Сонан кейін көп жүрмеді , бақилық боп кете барды. Иманды болсын дейін , қырыққа толған шағында кетті. Соңынан еңіреп үш ұл мен бір қыз қалды. Жездеміз болса басқаға үйленіп , отбасылы болды. Оның отбасылы болғаны құрысын , әпкемнен қалған төрт бала қор болды. Көбінше біздің үйге қашып келіп жүретін. Осыны ойлағанда мына жігіттің мамасына бүйрегім бұра берді. Қызық екен , кеше ғана әкемнің сөзінен кейін , бәрін тоқтатамын деп отырғанмын , бүгін сол ойымнан қалып ауып түстім.
Өйткені " той қыркүйекте " болсын деп жігітім жазды. Бірақ бұл екеуміздің ғана арамызда қалды. Өйткені оған әлі бес айдай уақыт бар еді.
Әрі қарай бет бұруға менің де шамам болмады. Себебі , мамыражай мамыр келіп салонымда қайнаған жұмыс басталды.
Мектеп бітіретін қыз жігіттер топ тобымен келіп кезекке жазылып жатты. Мен сорлы осы тапқан ақшамның жартысын сол жігіттің қалтасына құйдым.
Сурет сұрасам жіберді ғой, төсекте жатқан мамасы екеуі түскен бірнеше фото жіберді.
Мұндайда қалайша сенбейсің , ақшам барда " жоқ " деп айта алмадым ...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter