Әңгімелер ✍️
Әңгімелер ✍️
07.06.2024
261
Түрмеден келген қыз - 2 бөлім
Күндер зулап өте берді қатарымнан бөлек , құрбыларымнан да айрыла бастадым. Себебі түрмеден кеше ғана келсем де , жарты жылда аяғыма нық тұрыеңсемді көтеріп алдым. Былайша айтқанда " Сән салоным " үлкейіп бизнесім өрге домалап бара берді. Алайда , соңғы кездері жалғыздығым жаныма батты. Пенде болған соң жан - жағыңа қарайсың ғой, қатарыңның бәрі тұрмысқа кетіп болған , бәрінің бала шағалары бар. Сонан соң оолар менімен аралақанды қойып сап тиылды. Сөйтсем , менімен араласуға олардың байлары қарсы екен. " Үш бірдей жігітті өлтірген қызбен араласпайсыңдар " дейді екен. Сонда олар үшін мен ғана кінәлі болып тұрмын ғой.
Оның үстіне бәрі бірі - бірін таниды. Мысалға , сол жігіттің бірі менің құрбымның туған нағашысы екен. Мұндайда олар үшін қашан да мен кінәлімін. Ал оларға , бірінен кейін бірінің жабылып зорлағаны түк емес екен. Қазақта " құнажын көзін сүзбесе , бұқа жібін үзбейді " деген сөз бар - мыс.
" Ішіп отырған жігіттердің үстіне өзі барыпты " деп соқты.
" Өзіне де сол керек болған " деп тағы қарғады.
Ең сорақысы " анау коллегасымен жатып жүрген екен , соның көзінше басқа жігітпен жатып ұсталып қалыпты , барлық сұмдвқ сонан басталыпты " деген өсектері еді.
Құдай ау " тілде сүйек жоқ " дегені осы екен. Міне осының бәрін көтеріп жүру маған оңайға соқпады. Сол үшін де өзімнен өзім шет қалып бара бердім. Шыны керек, жігіт көрсем жек көріп кететінмін, өйткені жігіттердің бәрі сондай деп ойласам керек.
Қысқасы түрмеден кейінгі өмірім жалғыздық басталды. Бір күні үйде отырсам бір клиентім қоңырау соғып :
- 8 - ші Наурызға бірге отырсақ , - дейді.
- Жоқ рақмет, - деп шошып кеттім.
- Неге құрбым екеуміз ғана отырамыз , мерекеміз ғой , - дейді.
Бұл қызды бір жылдан бері танимын, салоныма келіп шаш қидырып жүретін. Содан екеуміз жас шамалас болған соң араласып кеттік. Жіті қатынасып барып келмесе те , қоңырау соғып хал сұрасып тұратынбыз. Соңғы бір жылда сөйлесіп жүрген қызым осы ғана еді , жалына берген соң сөзін қимай " барсам барайын " дедім. Содан жеке кабинкада әңгіме айтып отырсақ , үстімізге бір жігіт кіріп келді.
- Танысып қой Мәлкен , - деген ағам болады дейді құрбым.
Басында тұра қашқым келген. Бірақ әлгі жігіттің жылы шырайы мен салмақты сөзі сол райымнан қайтарып тастады.
- Жасым 27 де шет елде оқыдым , - дейді .
Негізі мұның бәрін әлгі құрбым ұйымдастырғанын білемін біреудің біреу бақытына себепші боса жақсы емес пе ?
Енді менің осы жігітпен өмірім басталды.
Күнде хабарласып хал сұрайды , кішігірім сыйлықтар жасайды , әйтеуір жиі - жиі көңіл бөліп келіп кетіп тұрады.
Айтқандай баяғы құрбым " ештеңе білмеймін " деп ат тонын ала қашты.
" Мен сол күні кешігіп бардым , сөйтсем осындай сұмдық жағдай болыпты . Көзім ештеңе көрген жоқ , ештеңе білмеймін өйткені мен бір сағаттай кешігіп бардым " деп полицияға жазып беріпті . Оның барған бармағанын қайдам , соңына түсіп сұраған мен жоқпын . Өзім сол кезде шок боп жаьқанмын. Бірақ" олар соны әдейі ұйымдастырғанына " күмәнім жоқ. Ал коллегам өліп кетті , оны өз қолыммен бауыздап салғанмын. Айтым ғой бәрін бастаған сол еді.
Содан бір күні әлгі жігіт құрбым екеумізді қонаққа шақырды. " Бармаймын " десем болмады , оның үстіне құрбым да қолқа салып қоймады.
Үшеуіміз қаланың қақ ортасындағы Кафеге бардық. Әңгіме айттық , іштік жедік, биледік дегендей жастарға тән қылықтар болды.
- Екеуміз қыдырайық , - дейді жігіт.
- Жоқ мен үйге қайтуым керек , - деп қаша жөнелдім.
Ұнайды маған , бір еркектей ұнап жүрген жігіт.
- Жеке қалып сөйлесеме десем , қашып кетіпсің ғой ,- дейді құрбым ертесіне.
- Менің жағдайымды білесің ғой , жігіттерден қорқып қалғанмын, - дедім.
- Иә түсінемін ғой , бірақ сен ол оқиғаны оған айтпа құрбым жарай ма , - дейді.
" Оқиғаны " деп баяғы қырғынды айтып тұр. Сол үш жігіттің қаны менің мойнымда. Сол қанды қырғынды ұмытқым келеді. Есіме түссе елегізіп қорқамын ғой :
- Жоқ мен оны ешкімге айтпаймын құрбым , - десем :
- Иә айтпа , мына жігітке ауыз ашпа ол жайлы бұл менің нағашы ағам өте жақсы жігіт , - дейді.
Сонымен не керек сөйтіп жүріп арадан үш ай тағы да өтті. Күлімдеген көктем келді. Мына жігітпен арамыз жақындай түсті. Екеуміздің арамызда кәдімгідей " махаббат " басталды. Өзім де ойланып жүргенмін , астымда көлігім, басымда үйім жәна де екі салонда бизнесім бар , енді бір жақсы жігіт болса өткеннің бәрін ұмытсам , Құдай менің бағымды ашса дейтінмін.
Әне сол бағымның ашылуына аз қалды. Тіпті , әнеубір қол сөзім жерде тұрғандай енді бір ұмтылсам жетіп қолыма қонатындай көрінетін ...
( жалғасы бар )
#Дүйсенбіден немесе сейсенбіден бастап " Даукеш , дуаның күші " атты жаңа хикая шығады.
Алла денсаулық беріп аман тұрсақ болғаны.
Құрметті оқырмандарым!
Баршаңызға әз Наурызбен тұспа тұс келген Рамазан айы құтты болсын. Оқыған дұға - тілектеріңіз қабыл болсын!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter