07.06.2024
  805


Автор: Ғани Бейсен

Түрмеден келген қыз


Сонау 17 жасымда мектеп бітірген шағым. Өзім əке - шешемнің еркелеп өскен жалғыз қызымын. Сонан болар олар менің ешқашан бетімнен қаққан емес . Өмірімде өзім қалаған таңдауым болса соның бәрін жасады. Мен сонда мектеп бітіргеннен ешқандай оқусыз ақ жұмысқа тұрдым. Жалпы əке - шешем ауқатты жерден шыққандар , бір қоңыраумен бір мекеменің бастығының оң қолы боп шыға келдім. Өйткені ақша жағынан ешқандай проблема жоқ болатын , алаңсыз едім . Ал енді өзім жайлы айтсам, түр тұрпатым келбетті көп еркектердің көзіне түсетіндей, дене бітімім жігіттердің ойын бұзатындай қызбын . Көптеген жігіттер артымнан жүгірді бірақ бәрінің беттерін қайтарып бас тарттым. Сонда менің өзіме өзім сенімді болғаным сонша , анау - мынау жігіттерді менсінбейтін мінезім де бар еді. Сөйтіп жүріп бір үйдің жалғыз қызы болсам да бірге тұрмай бөлек тұрып жаттым. Ал жұмысқа орналасуым жәй ғана тәжірибе жинасам деген ойым болды. Сондағы жұмыста соңымнан қалмай жүрген бір жігіт бар еді , жасы менен 3 жасқа үлкен. Қипақтап келіп ананы - мынаны айтып отыратын , оның да кеудесінен қағып қарамай қойдым. Сөйтіп жүргенде арадан алты айдай уақыт өтті. Бұл жігіт қыр соңымнан қалмады. Бір күні бірге жұмыс істейтін құрбым хабарласып " қала сыртында қыздармен отырайық " деген ұсыныс айтты. Құрбым болған соң не дейін " мақұл " деп келісе кеттім. Ол қала сыртында орналасқан дача еді , көлігімді тастап таксимен бардым. Сөйтсем басқа қыздар келмеген күте тұрайын деп түсіп қалдым.
Сонда қарасам әлгі үйдің есігі ашық екен жарығы қосулы тұрғанға ішіне кірдім. Сол кезде үйдің ауласына келген көліктің даусын естідім. Негізі , құрбыларыммен бұл үйде бұрын да отырғанбыз , демалыстарда келетінбіз. Мына келгенде үй ішіне бірге жұмыс істейтін, әлгі соңымнан қалмай жүрген жігіт кірді.
- Сен неғып жүрсің , сені кім шақырды , - деп, дүңк еткіздім. Ол болса түріп суытып бір қарады бірақ үндемеді. Оның мұнысы маған бүртүрлі көрініп қорқа бастадым ;
- Ендеше мен кеттім , сен өзің отыра бер деп шыға бергенімде, бұл менің кеудемнен итеріп диванға отырғызды.
- Сен бүгін мына жерден кетпейсің , - дейді көзі аларып. Таңданысымды жасыра алмай отыра қалдым.
Сол кезде үй сыртында дабырлап сөйлескен төрт жігіт кіргенде , әлгі коллегам шығып кетті.
Олар маған жан - жағымнан сөйлеп мазақ қып бастады.
- Бұларың не жігіттер , - деймін көзім бақырайып.
Олардың мені тыңдайтын түрі жоқ , онан сайын қарқылдап күліп дөреклікке басты.
Соңында біреуі маған жақындай түсіп қапсыра құшақтап аймалай бастады. Сонда ғана бір сұмдықтың болатынын біліп, қашып шығуға тырыссам олар мені жібермеді.
Соңында , өтініш айтып " жіберіңдерші " деп жалына бастадым.
Өздері ішіп пе , шегіп пе алған жігіттер мені тыңдасын ба , керісінше біреуі келіп сол жақ бетімнен шапалақпен тартып жіберді . Сол жерде мұрттай ұшып шалқамнан түстім.
Міне осымен бәрі бітті , әрі қарай қауқарсыз жатқан маған тиісе бастады . Ол үйдің іші шағын ғана үш бөлме еді , басқа бөлмеге апарып, ағаш төсекке жатқызып, бірі қолымнан бірі аяғымнан ұстап киімдерімді шеше бастады.
Қысқасы , олар мені кезек - кезек зорлады. Сол жерде бақырып жыласам да , жалынып жалбарынсам да әурелегендерін тоқтатпады. Мен сорлының сау жерімді қоймады, күшке басып " бәрін " көрді. Былайша айтқанда " зорланбаған жерім " қалмады. Қайтейін , қалай қарсы тұрайын сомбалдай 4 жігіт. Мен ол кезде 12 ден 1 гүлі ашылмаған қыздығы бар гүл едім . Зорлық түге төсек дегеннің не екенін білмейтін кезім. Осылайша мен сорлы сұмдық зорлықтың құрбаны болдым.
Соңында тояттап алған 4 малғұн бөлмеден шыға бергенде 5 ші жігіт крііп, ол бастады. Білмеймін , тап қазір есімде жоқ , олар мені 3 сағаттай зорлаған шығар? Сонан соң қарсы бөлмеге өтіп есірткіге көшті. Өздерінше бақырып ырқыл жырқыл айқай шу. Сол аралықта мына соңғы да шауасын тындырып шығып кетті. Қарап жатырмын басқа бөлмеде өзді өздері әңгіме айтып отыр. Мен сонда есеңгіреп біраз жатып орнымнан тұрсам , анадай жерде жатқан үшкір пышақ көзіме түсті. Жәймен тәнтіректеп барып қолыма қысып алдым. Негізі менің оларды пышақтаймын деген ойым болған жоқ , бар ойлағаным мына үйден шығып кету ғана болатын. Алайда , адамның емес Алланың қалағаны болады дегені рас екен шығып бара жатқанымды көрген біреуі теңселе басып жетіп алды. Қарасам аяқ үстінде әрең тұр , қатты мас екен. Қолынан сытылып кетпекші болдым , жібермеді. Керісінше әлгі бөлмеге қарай сүйреп " ещё разок " дейді тілі күрмеліп.
Онан шортысын түсіріп әне бәлесін шығарғанда тіпті қаным басыма шапты.
Өйткені , екі иығымнан күштеп басып отырғызып , аузыма салмақшы.
" Мә саған малғүн " деп тамағынан орып жібердім. Сол жерде судай шашыраған қан , бөлменің ішін жуып кетті. Содан шығып есігін жаба салдым. Сөйтсем сыртқа шығатын есікке сүйеніп тағы біреуі тұр. Оның да мені жіберетін түрі жоқ, жолымды бөгеп көлденең шыға берді.
" Мә саған " деп , мұның да жүрек тұсына тығып алдым.
Аһ деп барып кеудесін ұстап отыра кетті. Сол жерде есікті ашып жіберіп қаша жөнелгім келген , алайда , соңымнан жеткен тағы бір жігіт жабыса кетті.
" Мә саған да керек болса " !
Жіңішке жүзді өткір пышақ қойсын ба , қан бұрқ ете қалғанда ішін ұстап қашқан жігіт тәнтіректеп басып әлгі бөлмеге жетіп үлгерді. Сонда ғана мен олардан қашып құтыла алмасымды біліп шабуылға кештім. Әсте олар менің қолымда пышақ бар деп ойламаса керек , жан - жағымнан жабыса кетті. Тістеніп алғанмын жалаңаш жігітткрдің бірінен соң біріне тығып ала бердім. Олар сонда көздері аларып бір бірден құлай берді. Қысқасы 3 жігіт 3 жерде сұлап жатты, анау бөлмедегі тамағынан орғаным 4 - ші , сонда тағы біреуі қайда ?
" Оны тірі қалдырсам айтып қояр " деген қорқыныш пайда болғанда мен сол 5 ші жігіті іздей бастадым.
Таптым оны да таптым!
Онынан тұра алмайды удай мас немесе шегіп алған төрдегі кереуетте жатты.
Қолыма жалаңдаған пышағымды ұстап жақындай бергенде , көзі жәудіреп басын бұға берді.
- Кешір қарындасым кешір бір рет , тізерлеп отырып жалынамын - дейді , даусы дірілдеп.
Өйткені ол қанға бөгіп домалап жатқан мыналарды көрді. Бір сұмдықтың болып жатқанын іші сезді. Онан менің қолымдағы пышақты көргенде тіпті иман зәресі қалмады. Алайда қашайын десе , аяқ қолында жан жоқ , қатты мас.
- Мен тоқта деп шырылдағанда сен тоқтамадың ғой , - деп шашынан тартып басын қайырдым.
Даусы қарлығып жылап біраз жалынды.
- Жоқ , мыналардың бәрі үнсіз қалды демек , олар өліп жатыр. Сонда жалғыз сені аман қалдыруға болмайды, кешір коллега. Мұндай сорақылықты мен сенен күтпеген едім. Осыны ұйымдастырған сенсің. Маған қолың жетпейтінін біліп әдейі жасадың, - деп жауырнына мініп алып шашын онан сайын тарттым. Сонда қатты қорыққан жігіттің :
- Иии , ке -шір- ші мені " деп айтуға ғана шамасы болды. Шамасы емес уақыты болды. Онан әрі қорылға басты. Себебі тамағынан орып жіберіп қоя бергенімде
қаны сиген тамағын ұстап тұра қашты. Бірақ үйден шығып кете алмай табалдырыққа жетіп құлады.
Сонда ғана мен бейбақ өзімнің не істеп қойғанымды біліп , қаша жөнелдім.
Содан үйге жетіп жуынып шайынып қан тамған киімдерімді жасырып айғақтың бәрінен құтылуға тырыстым. Осылайша, үш күн үреймен үйімнен шыққпай жатып алдым. Сондағы қорыққаным сонша , есік алдына шықсам полиция аңдып тұрғандай көрінетін. Алайда үн - түнсіз жатқанымды білген әке - шешем қоңырау соғып хал сұрап бастады.
- Үйдемін бәрі жақсы , - деймін анама.
Онан қоңырау соққан әкеме де осы сөзді айтамын.
- Бәрі жақсы болса жұмысыңа шықсайшы , сені таппай менен сұрап жатыр ғой , -'дейді әкем.
- Жарайды пап , ертең шығамын , - деп , алдап қоя саламын.
Бірақ ертесіне де оның ертесіне де жұмысқа бармадым.
Қалай барайын , біздің полиция дабыл қағып шуласып жатты.
Бұл менің зәремді алып онан сайын қорқытты.
Соңында полицияға барып өзім берілдім.
Мұны естігенде таныстарымның бәрінің төбелерінен жай түсіп , өз көздеріне өздері сенбей "қалай болған , қай жерде болған "деп өзара сыбырласып сұрасып жатты.
Әрі қарай тергеу амалдары басталды. Сонда ғана мен сорлы істің мән - жайын анық түсінгендей болдым.
Қолыма кісен салып әлгі дачаға апарғанда бірі шалқайып , бірі бүк түсіп жатқан адамдардың маникендерін , бормен қоршап сызып қойыпты. Бәрі көз алдымдағыдай қаз қалпында. Оны көргенде бірме бір ұстап бауыздағандарым есіме түсіп сол жерде бәрін мойындадым.
Сонда да мені., тәнімнен табылған зорлық белгілері мен төменімнен табылған әртүрлі жігіттің шауһаттары құтқара алмады.
Сот үкімімен 5 жылды арқалап кете бардым.
Сотқа келген туған - туыстарым мен мен әке шешем , көз жастарын көл қылып артымда қала берді. Бірақ , әрі бері жүгірген әкем ақша тығып 5 жылды 3 жылға ауыстырды.
Сөйтіп жүргенде 3 жыл өтіп бостандыққа шықтым.
Сонан соң жұмысқа баруға бет жоқ, әкемнен ақша алып " сұлулық салонын " аштым.
Қысқасы, мен бейбақ жасым 22 ге келмей жатып, мына өмірдің ащысын да тәттісін де көрдім.
Алайда " жасың біразға келді ғой қызым жөні түзу жігіт жолықса бас қос, басың екеу болмай малың екеу болмайды " деп анам сыбырлай берді.
Оларға жеңгелерім мен құрбыларым қосылды. Сөйтіп жан - жағымнан шулап жүріп біраз жігітпен таныстырды. Бірақ мен қайтейін , жүрегімнен жігіттерге деген өшпенділік кетпей қойды. Сол үгін олардың ешбірімен жараса алмадым.
Жасым болса кетіп бара жатыр. Күнделікті қалаған уақытымдаа жұмысыма барып келемін. Сонан соң түнімен жалғыздық жолдасым , жастығым сырласым болады. Соңғы кездері ұйықтап жатып шошып оянатын болдым ...



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу