05.06.2024
  122


Автор: Әділет органдары, заңгерлер күні

Әділет органдарының Әділетті қызметкері


Әр жыл сайын күз айының бірінші айы, яғни 30-шы қыркүйек күні тойланып келе жатқан заң саласындағы Әділет органдарының қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кең көлемде аталып өтіледі. Дәл осы күні түрлі іс-шаралар болып, барлық заң саласындағы қызметкерлердің жасаған қызметтеріне қарай түрлі марапаттар беріледі. Ел алдында жүрген заң қызметкерлерінің әрбір жасаған істері өте маңызды болмақ. Олар шатасуға жол бермеулері керек. Ақша үшін арын сатып, жемқорлықты құрықтайтындар да осы әділет органдарының қызметкерлері емес пе?! Оларға артылып отырған жүк елдің жүгі, халықтың сенімдері. Олардың сенімдерін аяқ асты етпеулері керек. Өйткені халық елдің басты қазынасы. Сол қазынаның мерейін үстем ету, халықтың сөзін сөйлеп, ақ қараны ажыратып беру Әділет органдарының қызметкерлерінің басты міндеті. Ақша үшін шындықты бүркеп, әділдікті аяқ асты етіп, дәлелімен бола тұра, жәбірленушіге шындықты айтпай, ақшаның соңына түскен заң қызметкерлерінің ертелі кеш жасаған, бұрмаланған шындықтары ашылып, ел алдында, заң алдында өздері де жауап беретін күн туары анық. Сондықтан, «жақсылық қылсаң өзіңнен, жамандық қылсаң өзіңнен» деп, барлық Әділет органдарының қызметкерлерін 30 қыркүйек төл мерекесімен құттықтаймын! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу