Шығармалар ✍️
Астанамды сүйемін!
Еліміздің жүрегіне айналған, барша қазақтың мақтанышына айналған Астана қаласы біздің Елордамыз. Президентіміз отыратын, көптеген мемлекеттік мәселелерді шешіп жүрген Ақордамыз. Бұл күні Астананы білмейтін ел жоқ шығар. Астана астанамызға айналғалы Қазақстан елін бүкіл әлем тани бастады деп білемін. Астананың әр таңы ғажайып бір әлем, қысы суық болса да жанға жайлы бойы көк тірейтін көздің жауын алатын үлкен ғимараттары бар. Астана жастардың қаласы. Әр облыстан, әр қаладан, тіпті ауылдардан да Астана қаласына қоныстанған жастар көп. Көбісі жұмыс бабымен Астанаға жол тартқан болса, енді бірі Астана қаласында тұруды көздеп, арнайы қоныстанған. Астана қаласы қайшылықты суық болғанымен халық саны күн сайын көтеріліп келе жатқан біздің бас қаламыз. Астана жайлы ақындардың өлеңдері мен сазгерлердің әндері жанды тербейді.
Астана күні 6 шілдеде үлкен концерттер ұйымдастырылып, Астана жайлы көптеген әндер шырқалады. Ия, бұл біздің сүйікті Астанамыз. Жасай бер, жайнай бер Астанам! Сені жақсы көремін, сені сүйем, Астанам!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter