01.06.2024
  88


Автор: Астана күні

Астана күні ғажайып

Астана күні әр жыл сайын 6-шы шілде күні тойланатын мереке. Бұл мереке мемлекеттік маңызы бар мерекелер қатарынан болады. Астанамыз бүкіл Қазақ елінің жүрегіне айналған атына заты сай ерекше қала деп білемін. Неліктен десеңіз, Астананың салынған әрбір ғимараты заман талабына сай, ерекше көрікті болып сағынған. Солардың бірі Бәйтерек. Бәйтерекке барсаңыз ең биігіне көтерілгенде бүкіл қаланы көре аламыз. Астана қаласының басты символына айналған Бәйтерекке расыменде Астанаға келген әрбір қонақтың соқпай кетпейді десем қате болмас.
Ел ордасын еліміздің орталығына ауыстырып, Ақмола қаласын қайта қолға алып, атауын «Астана» деп өзгертіп, жаңа қала салып, біздің елдің астанасы еткен тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлына рахмет, мың алғыс! Ия, расысында да, Астананың іргетасын қалаған Нұрсұлтан Назарбаев екені сөзсіз.
Ең алғашында оңай болмағаны баршамызға аян. Біреулер тіпті қолдау танытпай, сөз еткені қаншама. Дей тұрғанмен қазіргі таңда Астанамызды білмейтін ел жоқ шығар деймін. Күн санап ажарына ажар қосқан, көркіне көрік қосқан Астана қаламыздың туған күні құтты болсын! Ғұмыры ұзақ болсын! Еліміздің жүрегі болып мәңгілікке соға берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу