01.06.2024
  91


Автор: Астана күні

Астанам сені жақсы көрем!

Еліміздің астанасы бұрынғы Ақмола қаласында орналасқан қазірші атауы «Астана» қаласы. Астананы барлық ел танып үлгерді. Өзі жас қала болса да бүгінгі көрінісі адамды өзіне баурап алады. Көркі тамаша, көкті тіреген биік ғимараттар, Бәйтеректің көрінісі жаныңды тербейді. Астана қаласына қонаққа барған адамдар Бәйтерекке бармай қайтпасы анық. Ия, ол біздің Бәйтерегіміз. Хан шатыр сияқты үлкен ғимараттары көздің жауын алады.
Бұрын еліміздің астанасы Алматы қаласы болатын, кейіннен сол уақыттағы президенттің ұсынысымен Астанамыз орталықта орналасқан Ақмола қаласына ауыстырылды. 1997 жылы көптен мемлекеттік нысандар Алматы қаласынан Ақмолаға көшіріле бастады. 1998 жылы президентіміздің жарлығымен 6 шілде күні Ақмола атауы Астана атауына өзгертіледі. Міне, осы жайлардың орын алуына байланысты 2006 жылдан бастап 6 шілде Астананың туған күні болып тойланып келеді.
Міне, осындай бұралаң жолды басынан өткеріп, қаншама қарсылыққа қарамастан етек жеңін жиып, бойын тіктеген Астанамызды бүгінде танымайтын ел кемде кем шығар. Астанам, сені жақсы көремін, жасай бер! Туған күнің болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу