Эсселер ✍️

  01.06.2024
  148


Автор: Астана күні

Астана, туған күніңмен!

Астана күні еліміздегі өте маңызды мерекелердің бірі болып табылады. Сонау
1994 жылы 6 шілдеде Елорданы Алматыдан Астанаға ауыстыру туралы қабылданып, 1997 жылдың 10 желтоқсанында бұл заң жүзеге асырылған. Еліміздің орталығында орналасқан Ақмола қаласын еліміздің астанасы етіп, қалаға «Астана» деген атау бергенінің өзі еліміздің бүкіл әлем алдындағы шоқтығының биік болуына жол салатын шешім деп білемін. Мұндай шешіммен келіспеген жандарда баршылық болғаны рас, дегенмен уақыт өте келе осы шешімнің дұрыс қабылданғанына көзіміз анық жеткендей. Неге десеңіз, күн өткен сайын көркіне көрік, ажарына ажар қосып, сұлуланып келе жатқан Астанамызды бүгінгі таңда бүкіл әлем таниды десем қате айтпағаным болар. Қазақстанның астанасы қалай десе, «Астана» қаласы деп ойланбастан жауап берері анық. Расыменде, Астана қаламыздың бар әлемге таныла бастауы еліміздің жыл өткен сайын дамып, етегін кеңге жайып жатқандығын көрсетеді. Бұл әрине өте қуанышты жайғдай. Астанаға қарап еліміздің басқа да қалалары бой түзейді деп білем.
Астанам, бүгінгі 6 шілде туған күніңмен құттықтаймын! Жарқырай бер, жайнай бер! Сені жақсы көреміз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу