Эсселер ✍️

  01.06.2024
  74


Автор: Астана күні

Астана күнінің шығу тарихы

Астана күнінің шығу тарихына үңілер болсақ, "Қазақстан Республикасының мерекелер туралы" Заңда Астана күнін тойлау мерзімі 6 шілдеде белгіленілген. Астана күнінің ел азаматтары мен қарапайым халықтар үшін қоғамдық-саяси маңызды саналатын мемлекеттік мәртебесі бар.
Еліміздегі бекітілген заң бойынша мереке күндерінде ел тұрғындарына демалыс беріледі. Ал «Астана күні неліктен 6 шілдеде тойланады?» — деген сұраққа жауап іздер болсақ, Тарихқа көз жүгіртсек, бұл күні қалаға астана мәртебесін беруге қатысты алғашқы құжат қабылданылғанды. Сонау 1994 жылы 6 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі "Астананы Ақмола қаласына көшіру туралы" қаулы қабылдайды. Елордамызды Алматы қаласынан Ақмолаға көшірудің өзіндік себептері бар болатын. Солардың ішіндегі басты себеп Елордасы Астанамыздың еліміздің орталығына ауыстыру еді. Яғни Астанамыз елімізде орналасқан Ақмола қаласына ауысып, қалаға «Астана» деген атауды беруінің өзі біздің елімізді ерекшелеп тұрғандай.
1997 жылы Алматы қаласындағы көптеген орталық мемлекеттік мекемелер Ақмолаға ресми көшірілгеннен кейін елордаға қатысты өте маңызды шешім қабылданды. 1998 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қалаға Ақмола қаласына "Астана" деген жаңа атау берілді. Міне, осындай маңызды жайттардан кейін 2006 жылдан бастап «Астана кұні» 6 шілдеде аталып келеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу