Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.05.2024
414
Таң сәріде
Таң сәріде
Тал басынан қар ұшты.
Ақ жаймасы суымаған әлі ыстық.
Мейірлене сүйгізді де меңінен,
Медбике қыз ұйықтап кетті талықсып...
Таң сәріде
Аспан кезіп, ай құштым.
Қайтем енді, сезімге мас байғұспын.
Тәтті ұйқының құшағында балбырап,
Қалып қойды ақ жамылғы... Сарғыш мұң.
Шарпып өткен есімді алып от-демі,
дертке дауа дегенімен тәтті ерін.
Таң сәріде мені іздейді елегзіп,
Ақ парағы ашық қалған дәптерім.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter