Өлеңдер ✍️

  29.05.2024
  365


Махаббат жайлы (Жәуміт Аяулым)

Сабыламын,таппай жаным көңіл емін,


Қара жерге табыт болып көмілемін.


таңдайыңда тәтті тілек болмағансоң,


Ақ қағаздың сиясы боп төгілемін.


 


Жыр арнасам-бұрқ етеді маңдай терім,


Толды-ай шерім,өзек жүрек қардай керім


Мына тыныш дүниеде селт еткізер,


Әй,жарығым,құдыретің қандай сенің?


 


Толғанамын,ойлап сені тереңдеймін,


Тереңдеймін,жан азығым «өлең» деймін.


Жан-жағымда сенің ізің болмасада,


Райхан иісі сезілгенде елеңдеймін.


 


Бас бұғылып,тұңғиыққа төмендеймін,


Өзге сенен естімейтін кереңдеймін.


От лаулаған басқалардың жылуына,


Білем,сенің құшағыңдай бөленбеймін.


 


Өткінші көп сезімдерге белеңдеймін.


«Жалған сүю» жарнамаға төленбеймін.


менің дүлей жан дүниемді кімдер сезсін,


Махаббаттан ішқұса боп өлердеймін…


 


Сәл ойласам өзің жайлы толғанамын,


күлкі берер бар формула қолданамын.


Асығамын,күтудемін келер кезін,


Берілетін махаббатқа жолдаманың.


 


Кемпірқосақ бояу-өмір жолдарыда,


Пейзаж сезім қара түске толғаныма?


Жалғызбасты көкелерге күлетінмін,


Махаббаттан мендік жолда болмадыма?


 


(Орман қашан тебер сыртқа қай бір аңын?)


менде айтам кейде «жалғыз ай» ұранын.


Сезімдерді сезінуге өлең жетер,


Арасында осылайша қайғырамын…?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу