Эсселер ✍️
Менің анам Аспазшы!
Менің анам Аспазшы, ол үйде тағамдарды дәмді етіп дайындайды. Оның жасап жатқан дәмді астарын біз сүйіп жейміз. Анам үйдің де, кафенің де тағамдарын жақсы дайындайды. Анам жұмыс жасап жатқан кафені адамдардың барлығы жақсы көреді. Өйткені Анашым асты дәмді жасайды. Оның қолынан жасалған астардың барлығы асқа тойып отырған адамдар мен асқа тәбеті болмай отырған адамдардың барлығының тәбетін ашып, өзіне баурап алады.
Аспаздық мамандық оңай шаруа емес, асты дәмді дайындамаса кафенің атына жаман ат келеді, асты әдемі пісірмесе бірінші Аспазшыларға сын келеді. Солай ғой. Ал менің анамның жасаған асы тіл үйіреді. Анам жұмыс жасап жатқан кафенің ұлымы анамды жақсы көреді, жасаған асын сүйсініп ішеді. Мен анаммен мақтанамын, анамды жақсы көремін!
Аяулы да ардақты анашым! Сізді бүгінгі келіп жеткен, яғни 20-шы қазан — Аспазшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Еңбегіңіз жемісті болсын! Абыройыңыз асқақтап, мерейіңіз үстем болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter