24.05.2024
  103


Автор: Халықаралық аспаздар күні

Аспазшылар күні 20 қазан

20 қазан Халықаралық Аспазшылар күні тойланады. Бұл күн несімен ерекшеленеді десек, аталмыш күні бүкіл әлем бойынша Аспазшылар өз қолдарынан жасалған туындыларын, яғни дайындаған ас мәзірлерін мерекелік іс шараға жиналған халыққа ұсынады. Әрбір елде өздерінің салт-дәстұрлеріне қарай, ұлттық тағамдарының мәзірлерін басты назарға ала, мерекеге байланысты өткізіліп отырған байқаудың алғы шарттарына сүйене отырып дайындайтын астарын ұсынады. Дәмді астың дәмін татып, ерекше өнер туындысындай жасалған ас мәзірін білгір дегустаторлар бағалайды.
Жалпы аспаздық маман иесі — әлем бойынша алатын болсақ ең көне және сұранысқа ие мамандық болып табылады. Мысалы айтар болсақ, қайда жүрсек те, жұмыс барысымен басқа қала, басқа елге барсақ та ас адамның арқауы демекші, азанғы, түскі, кешкі асты ішуіміз маңызды, солай емес пе?! Ал бұл үш мерзімнің арасында ас ішіетіндер қаншама ия. Кафеге бара салайық, ана ресторанға бара салайық дейтіндер. Ал сол ресторан, кафелерде ас мәзірін дәмді етіп ұсынып отыратын Аспазшылардың еңбектерін қалайша бағаламаймыз?! Олардың жасап жатқан еңбектері өте маңызды болса да, көзге көріне бермейтін еңбек дер едім. Мысалы, әншілерді халық таниды, әндерін сүйіп тыңдайды, ал сол әннің сөзі мен әнін жазған ақындар мен сазгерлерді халық 100 пайыз таниды дей аласыз ба? Жооқ, сол сияқты Аспазшыларды да халық қатты таниды дей алмаймыз! Кафе, ресторандарда әдемі дәмді асты кім дайындады, түр келбетін, аты жөнін білмейміз, әйтеуір Аспазшылар дайындайтынын ғана білеміз. Солай емес пе?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу