Эсселер ✍️
Аспазшылар күнімен
Әр жыл сайын қазан айының 20-шы жұлдызында Аспазшылар бүкіл әлем бойынша өздерінің атаулы күндері болып табылатын кәсіптік мерекелерін тойлайды.
Бұл арнайы атаулы мереке болып өткізілетін мейрам негізінен 2004 жылы Бүкіләлемдік аспаздар қоғамдары ассоциациясы ықпалымен бекітіліп, дәл осы аспаздар күні мереке болып өткізілуде. Аталған ұйым құрамында дүние жүзі бойынша аспаздық өнерін меңгерген 8 миллион маман иелері бар. Әлем бойынша ас пісіру өнерін меңгерген жандар соншалықты көп болғандықтан олардың өз мерекесі болуы таң қаларлық құбылыс емес-ті, солай емес пе?!
Осы Халықаралық аспаздар күнін (International Chefs Day) тойлау бұл күнде етегін кеңге жайып, қазіргі уақытта 70 елде тұрақты түрде аталып өтілуде, — дейді ғаламтор желісіне көз салар болсақ. Мерекелік шараларға әлем бойынша аталмыш кәсіп мамандарымен қоса, туристік компания басшылары, түрлі кафелер мен ресторандар иелері, нағыз ресторан сыншылары т.б. осы салада қызмет етіп жүрген барлық маман иелері қатыса алады. Расыменде, Аспазшылар күні бір ерекше мейрам десек қате айтқанымыз болмас, ол жерде мейрам күні ас пісіруден көптеген байқаулар болып, Аспазшылар қолынан ең дәмді тағамдар ұсынылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter