Шығармалар ✍️
Шығармалар ✍️
14.05.2024
122
Қызды алып қашу
Алып қашудың дәуірі өтті.
Мен осыдан 2-3 жыл бұрын алып қашу дұрыс деп ойлайтынмын. Олай ойлауымның себебі қазақ салт дәстүрінде бар нәрсе, әжелеріміз алып қашып, барған жерін бақытты еткен жайттарды көп естейтінмін. Бұның бәрі менің қоғам жайлы, қоғамдағы қыздар жайлы ойымның, көзқарасымның басқа қырынан қарамауымның әсерінен еді. Әрине жас болдым, білімім жеткіліксіз еді. Менің ойымда жақсы көрген адамымды қайтсемде алып қашамын деген қате ұстаным бар еді. Қалаға келгесін, қоғамдағы зорлық зомбылықтың зардабына ұшыраған қыз келіншектерді көргенде, естігенде алып қашу дұрыс емес екенін түсіндім.
Өкінішке орай қазіргі уақытта жақсы көріп үйленгендердің өзі көңілі жараспай ажырасып кетіп жатыр. Енді алып қашумен тұрмыс құрған қаншама қыздар іштерінде қандайсезім өтіп жатыр екен? Әрине бәрі сәтсіз тұрмыста деп айта алмаймын. Алып қашып үйленіп, бақытты болып жүргендерде бар. Жігіттің жақсысына кезіксе қызда өкінбей өмір сүреді ғой. Алып қаштыңба мақсат қызды бақытты ету. Бақытты ете алмайсың ба? Ертең өзіңе таяқ болып тиеді. Ұрыс әрбір үйде болады. Ұрысқанда «онда мені неге алып қаштың» деп бетіңе басады. Сол үшін әдемі махаббатпен, сыйластықпен үйленген дұрыс.
Табиғатты алып қарасақта жұп болу үшін еркек жынысты жануарлар өзінің қарама қарсы жынысты сыңарына бар өнерлерін көрсетеді. Мысалы: екі еркек арыстан алысқанда қай арыстан мықты болса, ұрғашы арыстан соның қасында қалады. Бұл арыстан өз миссиясын жоғары деңгейде орындағанның белгісі. Сол секілдіқыздыңөмірінде неше түрлі жігіт кездеседі. Солардың арасында сіз таңдаулы, талғамды адам болуыңыз керек. Бар еркектік қасиеттіңізді көрсетуіңіз керек.
Қандай жағдайда алып қашуға болады?
Дәл қазіргі уақытта келісіп алып қашу дегенді жөн санаймын. Қыздың ертеңгі күні өкінбес үшін оның разылығы керек. Егер келісімінсіз үйге келін етіп түсірген болсаңыз ертеңгі күні өкінбейтіндей қызға бар махаббатыңызды беріңіз. Қыз тұрмыс құрғанда көп нәрсе жоғалтады. Күнделікті өтетін графигін сіздің өміріңізге сай өзгертуге тура келеді. Енді жігіттер ойлаңыздар сіз бірден өзгеруге күшіңіз жетерме еді?
Қыздың өз қалауы, өз таңдауы бар. Қыз небір арман мақсатпен, болашағын әдемі жоспарлап өседі. Мүмкін сіз оның армандаған жігіт емес шығарсыз. Біздің қоғамда барлық сын әйелге айтылады. Сен әйелсің, сөйлеме, отбасыны сақтап қалу саған байланысты, сен өзің тіліңнен тапқансың т.б. неше түрлі сын пікірлер тек әйелдер тарапына айтылады. Жақсы көріп тұрмыс құрған болса ол сынғада шыдайды., ал егер алып қашудың, келісімсіз некенің құрбаны болған, махаббатсыз тұрмыс құрған әйелдерші? Олар қайдан күш тапсын. Бір отбасы ажырасар болса еркектің жауапсыздығы көзге түспейді, бәріне әйелді кінәлі етіп қояды. Отбасыны сақтап қалу үшін еркек адамның тек материалдық жағдаймен қамтамасыз етуі жеткіліксіз. Әйелге сыйластық, махаббат керек, балаға мейірім керек.
Алып қашу туралы ойымның өзгеруі
Менің алып қашу туралы ойымды түбегейлі өзгерткен Перизат Мырзахмет ханымның «Өмірдің аты М» атты кітабы. Кітап Перизат ханымның өмірі, махаббаты жайлы жазылған.
Перизат ханымның жағдайын тордағы құс секілді елестетемін. Тордағы құстың арманы-ЕРКІНДІК. Мейлі оны қанша су жемін бергенмен бәрі бір еркіндікті қалайды. Құсқа қанат не үшін берілген? Әрине ұшу үшін берілген. Перизат ханымда махаббат дәмін сезіне алмай 9 жыл өмірін өткізіп алды. Ажырасқаннан кейін неге осыны ертерек жасамадым деген өкініш ғана болды.
Бұл көңілің жараспаса ажыраса беру керек дегені емес. Автордың өзіде айтады бұл сөздерді. Істедіңбе өкінбе, өкінесіңбе істеме. Ажырасқан әйел көп нәрсе жоғалтады.Жоғалтқан нәрсенің орынын толтыра алуыңызға сенімдісіз бе? Күшіңіз жете ме? Қандай болмасын болашақтағы зардабы ауыр болады.
Таңдаған шешеміңіз соған лайықтыма? Перизат ханым СҮЙГЕННІҢ СҮЙІКТІСІ БОЛУДЫ армандады. Жарты жыл болсада арманы орындалды. Оғанда шүкіршілік етті. Өмірден шын махаббатты сезбей өткенімде не болар еді деп өзін жұбатты.
Құрметті жігіттер қыздар
Махаббат баспалдақ секілді. Тек оған екі адам бірге, бір деңгейде көтерілгенде ғана махаббат мәнді болмақ
Жігіттер біреудің өмірін құртпаңыздар. Үйлену жігіттерге оңай. Айтарлықтай ештеңе жоғалтпайды. Тұрмыс құру қыздарға қиын. Көп нәрседен бас тартады. Өмір бір ақ рет беріледі. Сол үшін бір рет ғана сүйіп, бір рет ғана сүйгеніңе үйлену керек. Адамға қай жаста болмасын таңдау еркі берілген. Ажырасқандар да сүюге, сүйікті болуға лайықты. Бірақ олардың айырмашылығы бірі дұрыс жолдан жүргендер, екіншісі бұрыс жолдан дұрыс жолқа түскендер. Қай жасқа келсеңізде сүйген адамға тұрмысқа шығыңыз. Алып қашу деген қалды. Оны ойламаңыздар. Шынайы махаббатпен, болашаққа арманмен үйленіңіздер. Кітап оқып, білім алып, бірге дамып көтерілсеңіздер әдемі махаббат, артыңызда қызығарлық естеліктер қалады.
Соңына дейін оқыған болсаңыз қуаныштымын. Көпшіліктің көріне себепкер болыңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter