30.04.2024
  137


Автор: Соңғы қоңырау күні

Ұстаздарға рахмет, мектебіме!

Кеше ғана бірінші сыныпқа қадам басып, тарыдай болып мектеп қабырғасын бүлдіршін болып аттаған едік. Енді міне, таудай болып білім нәрімен сусындап мектепті бітіруші Түлектер болып жаңа өмір жолына қадам басқалы отырмыз. Мектептегі күндеріміз расында да балдәурен балалыққа толы, бағын сәттер ғой шіркін, қыздар қалай бойжетіп, ұлдар қалай ержетіп қалғанын байқамай да қалдық. Балалық шақты артқа тастап, жаңа өмірдің баспалдағынан аттағалы отырмыз. Жанымыз бәрібір мектептегі күндерде қап қоятындай, көз алдымызға алғашқы мектепті аттаған кезіміз, алғашқы сабақ берген ұстазымыз, бастауышты қалай бітіргеніміз, үлкен сыныптардағы қызықты сәттеріміз елестейді. Мектептегі күндеріміз шынында да алтынға айырьастаймайтын, байлыққа бергісіз күндер екен ғой. Арада 10-20 жыл өтсін, мейлі бір екі жыл өтсін мектептегі күндеріміз қайта айналып келмейді екен, тарих қойнауына еніп, тек мектептегі естеліктеріміз ғана көз алдымызға келіп, елестеп, жүректің түкпірінде қалып қояды екен.
Сондай күйді басымыздан өткеретінімізді сезініп, міне, бүгін біз де үлкен өмірге қадам басқалы отырмыз. Осы орайда, біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңып, қуанған болсақ екі есе қуанып, бізді қолдап, білім беріп екінші анамыздай болып кеткен сынып жетекшімізге, сонымен қатар басқа да барлық пән мұғалімдеріне айтар алғысымыз көп екенін жеткізгім келеді.
Құрметті менің, Ұстаздарым! Сіздерге көп рахмет! Алланың нұры жаусын! Еңбектеріңіз жанып, шәкірттеріңіз биіктерден көрініп, сіздерді қуанышқа бөлей берсін!
Хош бол менің мектебім! Хош бол менің ұлағатты ұстаздарым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу