30.04.2024
  144


Автор: Соңғы қоңырау күні

Соңғы қоңырау күні

Кеше ғана 1-ші қыркүйек деп «Білім күні» деп бір шоқ гүлімізді алып мектепке, алғашқы қоңырауға барамыз деп асыққан едік. Міне бүгін оқу жылының соңына таяп, соңғы қоңырау деп отырмыз. Мен 4-ші сыныпты бітіргелі отырмын. Білім берген барлық ұстаздарыма рахметімді айтып, үш ай жазғы демалысқа қадам басқалы отырмын.
Тарыдай болып кіреміз, таудай болып шығамыз демекші, тарыдай болып кірген алтын ұя мектебіміз үлкен өмір жолына баспалдақ екені даусыз. Осы баспалдақтар біздерді биіктерге жетелеп келеді. Осы баспалдақтар арқылы өсеміз, өнеміз. Мектеп біздің жаңа өмір жолында биіктерді бағындыру үшін білім беретін ыстық ұямыз.
Білім нәрімен біздерді сусындатып бар игі жақсылықтарды тілеп отыратын ұстаз арайларымызға шын жүректен алғысымды білдіремін. Бұл соңғы қоңырау, бойымызда аздап мектепті қимастық бар. Ұстаздарымызға деген ризашылық көңіліміз бар. Сыныптас достарыңызға деген сағыныш әліден ақ сезілетін сияқты.
Соңғы қоңырау, мектепті қимай қоштасып, алғашқы қоңырауда мектепке қайта оралып, ұстаздар мен сыныптас достарымызды сағынып қайта қауышамыз. Өмір заңдылығы осы екен, біріміз мектепке алғаш кіріп отырсақ, енді біріміз мектепті бітіруші Түоектер атанып мектепті қимай, қанат қағып ұшып барамыз!
Осындай мектепті бітіруші Түлектерге ақ жол тілеп, жоғары оқуға түсулеріңізге сәттілік дейміз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу